NEHEMIAH
Chapter 2
Nehe | Kaz | 2:1 | Артақсерікс патшалық құрған жиырмасыншы жылдың сәуір айының бір күні патшаның шарап ішетін кезі келгенде мен шарапты тостағанға құйып, патшаға ұсындым. Бұған дейін мен ешқашан да патшаның алдында көңілсіз болған емес едім. | |
Nehe | Kaz | 2:2 | Патша маған:— Ауырып тұрғанға ұқсамайсың, неге соншама көңілсізсің? Жан дүниең бір нәрсеге қатты қайғырып тұр ғой! — деген сұрақ қойды. Мен қатты қорқып кеттім. | |
Nehe | Kaz | 2:3 | Патшаға жауап беріп:— Патша ағзам көп жасасын! Ата-бабаларымның қабірлері орналасқан қала қирап бос жатыр, әрі қақпалары өртеліпті! Солай болғанда бет-жүзімнің қалайша көңілсіз болмауы мүмкін? — дедім. | |
Nehe | Kaz | 2:4 | Патша маған:— Онда қандай өтінішің бар? — деген сауал қойды. Мен көктегі Құдайға іштей сиынып алып, | |
Nehe | Kaz | 2:5 | патшаға былай деп жауап қаттым:— Егер патша ағзам мақұл көріп, алдындағы қызметшісіне ризашылықпен қараса, онда мені ата-бабаларымның қабірлері жатқан қаланы қайтадан тұрғызуға Яһуда аймағына жібере көрсе екен. — | |
Nehe | Kaz | 2:6 | Патша менен:— Сонда баруға саған қанша уақыт керек болады? Қашан қайтып келесің? — деп сұрады. Мен оған қанша уақыт кететінін айтқанымда, патша мені жіберуді жөн көрді. Оның жанында патшайым да отырды. | |
Nehe | Kaz | 2:7 | Мен патшаға тағы мына тілегімді де білдірдім:— Уа, патшам, егер мақұл көрсеңіз, маған Батыс Евфрат өлкесі арқылы өтіп, Яһудаға жету үшін сол өлкедегі әміршілерге арнап рұқсат хаттарын жаздырып берсеңіз игі болар еді. | |
Nehe | Kaz | 2:8 | Сондай-ақ, ғибадатхананың қасындағы қорғанның қақпаларын, қаланың қабырғасын және өзіме үй салдыру үшін бөренелер берсін деп патшаның орманын басқарушы Асафқа арналған бір хатты да жаздырып берсеңіз екен.Құдайдың шапағатты мейірімімен патша осы сұрағандарымның бәрін де берді. | |
Nehe | Kaz | 2:9 | Осылай мен жолға шығып, Батыс Евфрат өлкесіндегі әкімдерге келіп, оларға патшаның хаттарын тапсырдым. Патша, сондай-ақ, қолбасшылар мен бірқатар атты әскерді де маған ертіп жіберген болатын. | |
Nehe | Kaz | 2:10 | Бірақ хоронайымдық Санбаллат және аммондық қызметкер Тобиях менің келе жатқаным туралы естігенде, екеуі біреудің исраилдіктерге жақсылық жасамақ болып келгеніне қатты наразыланды. | |
Nehe | Kaz | 2:12 | өзіме еріп келген біраз адаммен бірге түнде тұрдым. Құдайымның менің жүрегіме Иерусалим үшін не істейтінім туралы салған ойларын ешкімге айтқан жоқ едім. Астымдағы көлік малдан басқа ешқандай көлік алған жоқпыз. | |
Nehe | Kaz | 2:13 | Сонымен түнде Аңғар қақпасынан шығып, Шибөрі қайнарының маңынан өтіп, Күл қақпасына жеттім. Сөйтіп Иерусалимнің қираған қамал қабырғалары мен өртеніп кеткен қақпаларын тексеріп қарап шықтым. | |
Nehe | Kaz | 2:14 | Содан соң Қайнар қақпасы мен Патша тоғанына қарай бет алдым. Алайда астымдағы көлік малдың сол жаққа өтуіне орын болмады. | |
Nehe | Kaz | 2:15 | Сондықтан түн ішінде Қидрон сайы арқылы өрлеп шықтым да, сол жақтағы қабырғаларды тексердім. Сосын кері бұрылып, Аңғар қақпасы арқылы қалаға қайтып келдім. | |
Nehe | Kaz | 2:16 | Менің қайда барып, не істегенімді қаланың билік басындағылары білген жоқ. Себебі мен әлі де яһуди басшыларымен: діни қызметкерлер, жетекшілер, қызметкерлер және әкімшілікте істейтін басқалармен сөйлескен жоқ едім. | |
Nehe | Kaz | 2:17 | Енді мен оларға тіл қатып былай дедім: «Біздің қандай қиын жағдайда жүргенімізді өздеріңіз көріп отырсыздар. Иерусалим қиратылып, оның қақпалары өртеніп кеткен. Қаланың қамал қабырғасын қайта тұрғызайық та, бұдан былай сондай масқараға қалмайық!» | |
Nehe | Kaz | 2:18 | Сонымен қатар оларға Құдайдың мені шапағатты мейірімімен жарылқағаны және патшаның қолдаған сөздері туралы да айтып бердім. Сонда олар: «Мақұл, қабырғаны тұрғызайық!» — деп, осы игілікті іске білек сыбана кіріспекші болды. | |
Nehe | Kaz | 2:19 | Бірақ хоронайымдық Санбаллат, аммондық қызметкер Тобиях және арабиялық Гешем осы туралы естігенде, бізді келекелеп:— Әй, бұл істеп жатқандарың не? Патшаға қарсы шығайын деп жатырсыңдар ма? — деп мазақтады. | |