HOSEA
Chapter 14
Hose | Kaz | 14:1 | Құдайына мойынсұнбай қарсы шыққандары үшін Самарияның халқы кінәларының кесірінен жазаланатын болады. Олар семсерден өледі. Жас балаларын жау жерге соғып өлтіріп, жүкті әйелдерінің іштерін жарады. | |
Hose | Kaz | 14:2 | Уа, Исраил халқы, өз Құдайың Жаратқан Иеге қайта орал! Осылай күйрегеніңе өз күнәларың себепші болды. | |
Hose | Kaz | 14:3 | Кінәларыңды мойындайтын сөздер айтып, Жаратқан Иеге қайтып келіңдер! Оған былай деңдер:— Барлық күнәларымызды кешіріп, бізді рақыммен қабылдай гөр! Саған аузымызбен мадақтау айтып, соны сый-тарту ретінде ұсынбақпыз. | |
Hose | Kaz | 14:4 | Ассур бізді құтқара алмайды, біз атқа мініп, өз күшімізге де сенім артпаймыз. Бұдан былай өз қолымызбен жасаған бұйымға: «Біздің тәңіріміз!» деп табынбаймыз. Сенен ғана, уа, Жаратқан Ие, жетімдер рақым табады. | |
Hose | Kaz | 14:5 | — Мен оларды опасыз мінездерінен сауықтырып, өз мейіріміме сәйкес жақсы көремін. Себебі оларға деген қаһарым қайтты. | |
Hose | Kaz | 14:6 | Мен Исраилді жерге түскен шықтай сергітетін боламын. Сонда Исраил лалагүлдей жайнайды, әрі Ливан тауындағы самырсын ағаштарындай тамырларын тереңге жібереді. | |
Hose | Kaz | 14:7 | Исраилдің жас өркендері кең жайылып өседі. Ол зәйтүн ағашындай көрікті, ал хош иісі Ливан самырсынының жұпарындай болады. | |
Hose | Kaz | 14:8 | Халқым қайтып келіп, саямда тыныстап, дәнді дақылдай бітік өсіп, жүзім бұтасындай гүлдейді. Сонда атағы жайылып, Ливан шарабындай кең танымал болады. | |
Hose | Kaz | 14:9 | Ефрем сонда:— Қойшы сол жалған тәңірлерді! — деп айтпақ. (Ал Мен мынадай жауап беремін:)— Мен сені естіп, назарымда ұстаймын.— Мен жайқалған арша ағашы сияқтымын.— Сенің жеміс беруің Менің жарылқауыммен. | |