HOSEA
Chapter 12
Hose | Kaz | 12:1 | Ефрем халқы желмен тамақтанатын сияқты. Олар күні бойы шығыстан соғатын желді қуып, өтірік пен зорлықты көбейтеді. Олар Ассур патшалығымен одақтасып, Мысырдан да қолдау көру үшін сол елге зәйтүн майын тасып апарады. | |
Hose | Kaz | 12:2 | Жаратқан Ие Яһуданы да айыптамақ. Ол Жақыптың үрім-бұтағын жүрген жолдары үшін жазалап, істеген істерінің есесін қайтармақ. | |
Hose | Kaz | 12:3 | Түп атасы Жақып ана құрсағында жатқанда-ақ егіз сыңарының өкшесінен ұстап алып, оны алдап соқты. Ер жеткенде ол Құдаймен күресті. | |
Hose | Kaz | 12:4 | Сол кезде Жақып Құдайдың періштесімен күресіп, үстем болды, әрі періштеден ақ бата беруін жылап өтінді. Осылайша ол Бетелде Құдаймен кездесіп, тілдесті, | |
Hose | Kaz | 12:5 | Жаратқан Иемен, Әлемнің Әміршісі Құдаймен! Оның «Жаратқан Ие» деген аты әлемге кең танымал. | |
Hose | Kaz | 12:6 | Өзің де Құдайға қайта оралып, берік сүйіспеншілік пен әділдікті сақта! Әрқашан өз Құдайыңа үмітіңді арт! | |
Hose | Kaz | 12:8 | Ефрем: «Мен байыдым, барлығын да өзім таптым! Істегенімнің бәрінен ешкім күнә дейтіндей бірде-бір бұрыс іс таба алмайды!» — деп мақтанып жүр. | |
Hose | Kaz | 12:9 | «Бірақ Мен өзіңді Мысыр елінен шығарған Құдайың Жаратқан Иемін. Бұрын айдалада Менімен кездескен кезіңдегідей, Мен сені қайтадан шатырларға қоныстандырамын. | |
Hose | Kaz | 12:10 | Мен пайғамбарларға тіл қатып, көп рет аян бердім, әрі олар арқылы астарлы сөздерімді айтып халқыма ескерттім». | |
Hose | Kaz | 12:11 | Ғилақадтың халқы зұлымдық жасаса, олар құрып кетеді. Ғылғалда да халық құрбандыққа мүйізді ірі қара мал шалып келеді. Расында олардың құрбандық үстелдері өңделіп жыртылған егістіктің шетіндегі тас үйінділері сияқты тізіліп тұр. | |
Hose | Kaz | 12:12 | Ежелде Жақып Солтүстік Месопотамия еліне қашып барған болатын. Исраил деп те аталған Жақып сол жерде әйелі үшін қызмет етіп, мал бақты. | |
Hose | Kaz | 12:13 | Кейін Жаратқан Ие Исраилдің үрім-бұтағын бір пайғамбары арқылы Мысырдан алып шығып, сол пайғамбары арқылы аман сақтап жүрді. | |