EZRA
Chapter 1
Ezra | Kaz | 1:1 | Парсы патшасы Кирдің (Бабылға) билік құрған алғашқы жылы Жаратқан Ие оның жүрегіне түрткі салып, бүкіл патшалығы бойынша жарлық шығартып, хат та жазғызып жібертті. Бұл, Жаратқан Иенің Еремия пайғамбар арқылы алдын ала айтқан сөзінің жүзеге асуы үшін болды. Хатта былай деп жазылды: | |
Ezra | Kaz | 1:2 | «Парсы патшасы Кирдің бұйрығы мынау: Көктегі Құдай — Жаратқан Ие маған жер бетіндегі барлық патшалықтарды тапсырды. Ол мені Яһуда жеріндегі Иерусалим қаласында Өзіне арнап киелі үй салуға да тағайындады. | |
Ezra | Kaz | 1:3 | Араларыңдағы Оның халқына жататын әр адам Яһудадағы Иерусалимге өрлеп барып, Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге, яғни (жер бетіндегі тұрағы) Иерусалимде болатын Құдайға, арнап киелі үй салсын! Баратын әркімге Құдайы жар бола көрсін! | |
Ezra | Kaz | 1:4 | Осы халықтан тірі қалғандарға олар қазір тұрып жатқан әрбір жердің адамдары алтын-күміс пен мал-мүлік беріп көмектессін! Сонымен қатар көршілері оларды Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйіне арнайтын ерікті тартулармен де қамтамасыз етсін!» | |
Ezra | Kaz | 1:5 | Сонда Құдай Яһуда мен Бунямин руларының бірсыпыра әулет басшылары, діни қызметкерлер және леуіліктердің жүректеріне Иерусалимге өрлеп көшіп барып, Жаратқан Иенің киелі үйін қайта тұрғызуға түрткі салды. | |
Ezra | Kaz | 1:6 | Күллі көршілері бұларға алтын-күміс бұйымдар, мал-мүлік және басқа да қымбат сыйлықтар берді. Сонымен қатар оларға киелі үйге арналған ерікті сый-тартуларын да табыстады. | |
Ezra | Kaz | 1:7 | Бабыл патшасы Набуходоносор кезінде Жаратқан Иенің Иерусалимдегі киелі үйінен тонап алып кетіп, өз тәңірінің ғибадатханасына әкеліп қойған бұйымдарды Кир патша содан шығартып алдыртты. | |
Ezra | Kaz | 1:8 | Кир патша өзінің қазынашысы Митредатқа тапсырма беріп, ол сол бұйымдарды Яһуда халқының басшысы Шешбасарға тізім бойынша табыстады. | |
Ezra | Kaz | 1:9 | Сол бұйымдардың тізімі мынау: отыз алтын табақ, бір мың күміс табақ, жиырма тоғыз пышақ, | |
Ezra | Kaz | 1:10 | отыз алтын тостаған, төрт жүз он қалпы бірдей күміс тостаған және бір мың басқа бұйымдар. | |