I PETER
Chapter 5
I Pe | Kaz | 5:1 | Араларыңдағы қауым жетекшілері! Мен өзім де сендермен қызметтес қауым жетекшісімін, Мәсіхтің шеккен азаптарының куәсімін. Ол қайта оралғанда ашық көрінетін салтанатты ұлылығын бөлісетін де боламын. Сендерге ескертетінім мынау: | |
I Pe | Kaz | 5:2 | Құдайдың өздеріңе сеніп тапсырған рухани «отарын» (яғни қауымын) қамқорлап бағыңдар! Мұны лажсыздан емес, шын көңілден, Құдайдың еркіне сай орындаңдар. Оны ашкөз пайдақорлықпен де емес, адал ынта-жігермен істеңдер. | |
I Pe | Kaz | 5:3 | Тәңір Иенің меншікті қауымдарына өктемдік жүргізбеңдер, қайта, рухани «отарға» үлгі-өнеге болыңдар! | |
I Pe | Kaz | 5:4 | Осылай істесеңдер, «Бас Бағушымыз» (Мәсіх) қайтып келіп, анық көрінгенде, ешқашан солмайтын «салтанат тәжін» жүлде ретінде Оның қолынан аласыңдар. | |
I Pe | Kaz | 5:5 | Сол сияқты, сендер де, жастар, жетекшілерге мойынсұныңдар! Бәрің де арақатынастарыңда әрдайым кішіпейілділік танытыңдар! Себебі «Құдай тәкаппарларға қарсылық жасайды, ал кішіпейілдерге рақымын сыйлайды». | |
I Pe | Kaz | 5:6 | Сонымен, Құдайдың құдіретті қолының астына бой ұсыныңдар; Өзі белгілеген уақыты жеткенде Ол сендерді жоғарылатпақ. | |
I Pe | Kaz | 5:8 | Салауатты да сергек болыңдар! Сендердің қас жауларың, шайтан, ақырған арыстандай қауымды айнала шарлап, кімді жалмасам деп торуылдап жүр. | |
I Pe | Kaz | 5:9 | Сенімдеріңе берік болып, оған төтеп беріңдер! Дүниенің төрт бұрышындағы құрбы қауымдастарыңның да дәл сондай азаптарды шегуге мәжбүр екенін білесіңдер ғой. | |
I Pe | Kaz | 5:10 | Ал барлық рақымның бастауы, Құдай, біразырақ уақыт азап шегіп жатқан сендерді қайтадан жетілдіріп, нығайтып, қуатты да табанды етпек. Себебі Ол Мәсіх Иса арқылы сендерді Өзінің салтанатты ұлылығын мәңгі бөлісуге шақырды. | |
I Pe | Kaz | 5:12 | Мен бұл қысқа сәлемхатымды адал бауырласымыз деп сенетін Сыйласқа жаздырдым. Сендерді жігерлендіріп, Құдайдың шынайы рақымы осы айтқандарымдай екеніне куәлік етіп сендіргім келеді. Бұл рақымды қабылдай беріңдер! | |
I Pe | Kaz | 5:13 | Құдай сендерді таңдағаны сияқты, Бабылда бірге таңдап алған сенушілер қауымы, сондай-ақ менің рухани ұлым Марқа да сендерге сәлем жолдауда. | |