Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
I PETER
1 2 3 4 5
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 3
I Pe Kaz 3:1  Сол сияқты сендер, әйелдер, күйеулеріңе мойынсұныңдар. Осылайша, олардың кейбіреулері Құдайдың сөзіне құлақ аспаса да, өздеріңнің айтқан сөздеріңмен емес, игілікті мінез-құлықтарыңмен оларды баурап алып, Мәсіхтің иелігіне айналдырыңдар.
I Pe Kaz 3:2  Олар таза да ізетті мінез-құлықтарыңды көргенде ғана бұлай болмақ.
I Pe Kaz 3:3  Сендердің көріктерің сыртқы әшекейлерге: шашты ерекшелеп жинау, алтын әшекей бұйымдар тағып, көз тартарлық әдемі киімдер киюге тәуелді болмасын.
I Pe Kaz 3:4  Қайта, көріктерің жүректеріңдегі көзге көрінбес ізгі қасиеттеріңнен тұрсын; мейірімді де сабырлы жан дүниелеріңнің мәңгі солмайтын көркі Құдай алдында аса бағалы.
I Pe Kaz 3:5  Ежелгі заманда үміттерін Құдайға артып, Оған бағышталған әйелдер өздерін дәл осылайша әшекейлеген.
I Pe Kaz 3:6  Солардың бірі Сара еді; ол Ыбырайымның айтқандарына құлақ асып, оны «қожайыным» деп атайтын. Егер сендер ешқандай қорқынышқа көнбей, адал өмір сүрсеңдер, Сараның рухани ұрпағы боласыңдар.
I Pe Kaz 3:7  Сол секілді сендер, күйеулер, әйелдеріңе ілтипат пен қамқорлық көрсетіп бірге өмір кешіңдер! Жан-тәндерінің нәзік екенін түсіне отыра, оларды ерекше қастерлей біліңдер. Себебі Құдай рақым етіп сыйлаған мәңгілік өмірді сендермен бірге олар да иемденеді. Тәңір Иеге сиынған кездеріңде ештеңе кедергі болмас үшін де осылай істеңдер!
I Pe Kaz 3:8  Қорыта айтқанда, бәрің де өзара ниеттес, қуаныш пен қайғыға ортақтас, бір-біріңді туған бауырлардай сүйетін, қайырымды да кішіпейіл болыңдар.
I Pe Kaz 3:9  Жамандыққа жамандықпен, қорлыққа қорлықпен емес, ақ батамен жауап беріңдер. Себебі Құдай сендерді шақырғанда Өзінің ақ батасына ие болсын деп мақсат еткен еді.
I Pe Kaz 3:10  Забурда мынадай сөздер жазылған ғой: Өмірді ұнатып, жақсы күндерді көруді қалағандар ауыздарынан жаман сөз шығармасын, өтірік айтудан да әрқашан сақтансын!
I Pe Kaz 3:11  Жамандықтан бас тартып, жақсылықты жасасын, татулыққа ұмтылып, сол үшін лайым күш салсын!
I Pe Kaz 3:12  Себебі Жаратқан Ие әділдерге назар аударады, Өзіне жалынған оларға құлақ салады. Ал сұмдық жасайтындарға Жаратқан Ие қарсы шығады.
I Pe Kaz 3:13  Егер жақсылық жасауға ынталы болсаңдар, кім сендерге нұқсан келтірмек?
I Pe Kaz 3:14  Тіпті әділдік үшін азап шегетін болсаңдар да, соларың арқылы жарылқанасыңдар. Өздеріңді қорқытқандардан «не қорықпаңдар, не қысылмаңдар!»
I Pe Kaz 3:15  Қайта, жүректеріңнен Мәсіхке қасиетті Иеміз деп ерекше орын беріңдер! Сендер ұстанған үмітті түсіндіруді сұраған кез келген адамға жауап беруге әрдайым даяр болыңдар. Тек ілтипат, құрмет танытып сөйлеңдер.
I Pe Kaz 3:16  Ар-ұждандарыңды таза ұстаңдар, сонда Мәсіх жолындағы сендердің ізгі жүріс-тұрыстарың туралы жаман айтып айыптағандар өздерінің айтқандарынан ұялатын болсын.
I Pe Kaz 3:17  Егер де жақсылық жасай тұра, азап шегулерің Құдайдың еркі болса, бұл жамандық жасап, азап шеккеннен әлдеқайда жақсы.
I Pe Kaz 3:18  Мәсіх те әділ бола тұра, әділетсіздер үшін азап шекті. Ол бізді Құдаймен табыстыру үшін күнәларымызға бола біржола құрбан болды. Сонда Мәсіх тәнінде өлтірілді, ал рухани денемен қайта тірілді.
I Pe Kaz 3:19  Осы рухани денесімен Мәсіх о дүниеге де барды. Ол сол жерде, өлген адамдардың жандары қамалған орында, оларға Өзінің жеңісін жариялады.
I Pe Kaz 3:20  Бұдан көп бұрын, Нұх пайғамбар кемесін жасап жатқан кезде, Құдай теріс жолдан қайтуларын сабырлықпен күткен еді. Бірақ олар Тәңір Иеге мойынсұнған жоқ. Тек азғана — сегіз-ақ кісі кемеге кіріп, топан судан құтқарылды.
I Pe Kaz 3:21  Бұл жайт қазіргі замандағы суға шомылдыру рәсімінің алдын ала берілген белгісі болды. Осы рәсім денеміздегі кірді жуып тазартуды емес, Құдайдан таза ар-ұждан сыйлауын өтінуді білдіреді. Осылай ол сендерді Иса Мәсіхтің өліп, қайта тірілуі арқылы күнәнің құлдығынан құтқарады.
I Pe Kaz 3:22  Ал Мәсіх көкке көтеріліп, Құдайдың оң жағындағы құрметті орнына жайғасты. Періштелер, рухани билеушілер және күш атаулылар Оған бағынышты.