Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
I THESSALONIANS
1 2 3 4 5
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 3
I Th Kaz 3:1  Сондықтан біз одан әрі шыдай алмай, Афиныда жалғыз өзім қалайын деп шештік те,
I Th Kaz 3:2  Тімоте бауырымызды сендерге жібердік. Ол — Мәсіхтің Ізгі хабарын тарату жөніндегі Құдайдың қызметшісі. Осы азаптар ешқайсыңды шайқалтпасын деп, Тімоте сендерді жігерлендіріп, сенімдеріңді нығайтпақ.
I Th Kaz 3:3  Азап шегу маңдайымызға жазылғандығы өздеріңе мәлім.
I Th Kaz 3:4  Қастарыңда жүрген кезімізде «Қуғынға ұшырайтын боламыз» деп алдын ала айттық қой. Міне, сол айтқанымыз келді, оны өздерің білесіңдер.
I Th Kaz 3:5  Осыған бола мен одан әрі шыдай алмай Тімотені жіберіп, сенімдерің берік пе, әлде әзәзіл азғырып, бар еңбегіміз зая кетті ме, соны білгім келді.
I Th Kaz 3:6  Қазір Тімоте сендерден келіп, сенімдерің мен сүйіспеншіліктерің туралы жақсы хабар әкелді. Сендердің бізді ұдайы жақсылықпен еске алып, көрсек деп сағынып жүргендеріңді айтты; біз де сендерді көрсек дейміз.
I Th Kaz 3:7  Қымбатты бауырластар, сенімдеріңді берік ұстап жүр екенсіңдер. Бұл қиналып, қысылып отырған бізге жаңадан жігер берді.
I Th Kaz 3:8  Енді рухымыз көтеріліп қалмақ, себебі сендердің Құдаймен байланыстарың тұрақты екен.
I Th Kaz 3:9  Бізді өздеріңе қуантып қойған Құдайға қанша алғыс айтсақ та аздық қылады.
I Th Kaz 3:10  Күні-түні Одан қайтадан сендермен көрістіріп, сенімдеріңнің жетіспейтін жақтарын толықтыруға мүмкіндік бере гөр деп құлшына өтінеміз.
I Th Kaz 3:11  Осылай Құдай Әкеміздің Өзі және Иеміз Иса жолымызды сендерге бұра көрсін.
I Th Kaz 3:12  Бір-біріңе және барлық адамдарға деген сүйіспеншіліктеріңді Иеміз біздің өздеріңе деген сүйіспеншілігіміз сияқты өсіріп, арттыра берсін.
I Th Kaz 3:13  Осылай Ол көңілдеріңді орнықтыра көрсін. Содан сендер Иеміз Иса Мәсіх күллі қасиеттілерімен көктен түскенде, Құдай Әкеміздің алдында Оған толықтай бағышталған, мінсіз боласыңдар.