I THESSALONIANS
Chapter 4
I Th | Kaz | 4:1 | Тағы да, қымбатты бауырластар, Құдайға ұнау үшін қалай өмір сүру керек екенін бізден үйрендіңдер, солай өмір сүріп келе жатырсыңдар да. Осы жолмен алға баса беріңдер деп Иеміз Исаның атынан ескертіп, өтінеміз. | |
I Th | Kaz | 4:3 | Құдай сендердің Өзіне бағышталып қасиетті өмір сүргендеріңді қалайды. Бұл азғындықтан аулақ жүрулеріңді де білдіреді: | |
I Th | Kaz | 4:6 | ешқайсың да заңды аттап, пайдакүнемдікпен бауырластарыңды алдап кетпеңдер! Сендерге бұрынырақ ескерткеніміздей, Иеміз мұндай күнәлардың бәрінің жазасын береді! | |
I Th | Kaz | 4:8 | Бұған бағынбайтын кісі адамға емес, Құдайға қарсы тұрады. Ол сендерге Өзінің Киелі Рухын берді ғой. | |
I Th | Kaz | 4:9 | Бауырластарға деген сүйіспеншілік туралы мен жазбай-ақ қояйын, бір-біріңді сүюді Құдайдың Өзі үйретті ғой. | |
I Th | Kaz | 4:10 | Оны бүкіл Македониядағы бауырластарыңа іс жүзінде көрсетіп жүрсіңдер. Бұдан былай да осы жөнінде алға баса берулеріңді тілейміз. | |
I Th | Kaz | 4:11 | Бірқалыпты өмір сүруді құрметті іс деп біліңдер. Біз сендерге нұсқау бергендей, міндеттеріңді атқарып, өз қолдарыңмен еңбек етіп күндеріңді көріңдер. | |
I Th | Kaz | 4:13 | Қымбатты бауырластар, үміті үзілген басқалар сияқты қайғырмауларың үшін сендерді бұ дүниеден қайтқан сенушілердің жағдайы туралы хабарсыз қалдырмаймыз. | |
I Th | Kaz | 4:14 | Исаның өліп, қайта тірілгендігіне кәміл сенеміз ғой. Сондықтан Оған сеніп бұ дүниеден кеткендердің Исамен бірге болулары үшін Құдайдың оларды қайта тірілтетініне де сенейік. | |
I Th | Kaz | 4:15 | Себебі бұны Иеміздің өз сөзіне сүйеніп айтамыз: Иеміз Иса көктен қайтып келген кезде әлі тірі жүретін біздің өліп қалған бауырластарымыздан ешқандай артықшылығымыз болмайды. | |
I Th | Kaz | 4:16 | Өйткені Иеміздің Өзі көктен түсіп, бұйрық береді, әрі бас періште шақырып, Құдайдың кернейі қатты дауыстайды. Сонда ең алдымен Мәсіхке сеніп бұ дүниеден кеткендер қайта тіріледі. | |
I Th | Kaz | 4:17 | Тірі жүрген біз мұнан соң солармен бірге Иемізбен кездесу үшін бұлттың үстімен көкке көтерілеміз. Содан мәңгі бақи Иемізбен бірге боламыз. | |