Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
DANIEL
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 12
Dani Kaz 12:1  Сол кезде сенің халқыңды қорғаушы бас періште Михайл шығады. Бұл, халықтар алғаш пайда болғалы ешқашан болып көрмеген қиын-қыстау кезең болады. Сонда сенің халқың, яғни есімдері арнайы кітапқа енгізілгендердің барлығы, құтқарылады.
Dani Kaz 12:2  Жер қойнында жатқан сансыз көп өлгендер қайта тіріледі. Олардың бірқатары мәңгілік өмірге ие болады, ал қалғандары мәңгілік ұят-масқараға қалады.
Dani Kaz 12:3  Даналар аспан кеңістігі сияқты нұрланады, көптеген адамды әділдік жолына бастап алып келген олар жұлдыздар сияқты мәңгі бақи жарқырап тұратын болады.
Dani Kaz 12:4  Ал өзің, Даниял, осы сөздерді жақсылап сақтап, сол заманның соңына дейін кітапты мөрлеп бекітіп қой. Көптеген адам оны мұқият қарап шығып, білімдері молая түсетін болады. — (Маған келген хабаршы айтқандарын осылай тамамдады.)
Dani Kaz 12:5  Бұдан кейін мен, Даниял, қарасам, басқа екі хабаршы пайда болыпты: біреуі өзеннің бір жағасында, екіншісі қарама-қарсы жағасында тұр екен.
Dani Kaz 12:6  Солардың біреуі үстіне ақ бәтес киім киген. Ол өзен суының үстінде тұрған басқа хабаршыдан:— Осы таңғаларлық ғажап оқиғалар жүзеге асқанға дейін қанша уақыт өтуге тиіс? — деп сұрады.
Dani Kaz 12:7  Ақ бәтес киінген, өзен суының үстінде тұрған әлгі хабаршы екі қолын да аспанға қарай көтеріп, мәңгі тірі Хақ Тағаланың атымен ант етіп былай деді:— Бұның бәрі бір кезеңге, екі кезеңге және жарты кезеңге созылады! Құдайға бағышталған халықтың күші түбегейлі күйрегенде осы оқиғалар аяқталады!
Dani Kaz 12:8  Мен оның айтқанын естісем де, түсінбедім. Сондықтан мен одан:— Мырзам, мұның бәрінің соңы не болар екен? — деп сұрадым.
Dani Kaz 12:9  Хабаршының жауабы мынау болды:— Даниял, өз жолыңмен жүре бер. Бұл хабар осы заманның соңына дейін жабылып, сақталып әрі мөрленіп бекітілген.
Dani Kaz 12:10  Көптеген адам осы ауыр сынақтардан өтіп, тазарып, мінсіз болады. Алайда зұлымдар күнә жасауларын жалғастыра береді. Солардың ешқайсысы хабарды түсінбейді, тек даналар ғана оның мағынасын ұғатын болады.
Dani Kaz 12:11  Күнделікті құрбандық ұсыну доғартылып, киелі үйді арамдап бос қалдыратын жексұрын нәрсе сол жерде орнатылғаннан кейін бір мың екі жүз тоқсан күн өтеді.
Dani Kaz 12:12  Ал бір мың үш жүз отыз бес күн күтіп, солар өткенше шыдамдылық танытқан әркім бақытты болады!
Dani Kaz 12:13  Өзің соңына дейін өз жолыңмен жүре бер. Сен дүниеден өтіп, тынығасың. Ақыр заманда қайта тіріліп, (Құдайдың Патшалығындағы) өзіңе дайындалып қойылған үлесіңді иемденесің!