II KINGS
Chapter 7
II K | Kaz | 7:1 | Еліше бұған былай деп жауап берді:— Жаратқан Иенің сөзіне құлақ түріңдер! Жаратқан Ие мынаны айтады: Ертең осы уақытта қала қақпасының жанында бір қапшық таңдаулы бидай ұны да, екі қапшық арпа да бір-ақ мысқал күміске сатылатын болады! | |
II K | Kaz | 7:2 | Патша қолына сүйеніп жүретін жеке нөкері Құдайдың адамына:— Жаратқан Ие тіпті аспанның қақпаларын айқара ашып тастаса да, мұндай нәрсе қалай бола алады?! — деп сенімсіздік білдірді. Еліше оған:— Сен мұны өз көзіңмен көретін боласың, әйтсе де жей алмайсың! — деп жауап берді. | |
II K | Kaz | 7:3 | Сол кезде қала қақпасының маңайында алапеспен ауырған төрт адам отырған еді. Олардың біреуі қалғандарына былай деп ұсыныс жасады: «Біз осында несіне өлгенше отыра береміз? | |
II K | Kaz | 7:4 | Қалаға кіреміз десек, онда ашаршылық, өліп қаламыз. Осы жерде қала берсек те, бәрібір өлеміз. Одан да арамалықтардың әскер тұрағына қарай өтіп барайық. Олар бізді өлтірсе, еш айырмашылық жоқ, бәрібір өлер едік. Ал өлтірмесе, аман қалатын боламыз». | |
II K | Kaz | 7:5 | Олар ымырт түсе орындарынан тұрып, арамалық жасақтың тұрағына бет алды. Тұрақтың шетіне келіп қараса, онда ешкім де жоқ екен! | |
II K | Kaz | 7:6 | Себебі Жасаған Ие арамалық жасаққа атты әскері, соғыс күймелері бар, оларға шабуылдап аттанып, қарсы келе жатқан бір қалың қолдың қатты гүрілін естірткен болатын. Сонда арамалықтар сасқалақтап: «Ойбай, Исраил патшасы бізге қарсы хеттік патшалар мен Мысыр патшасының әскерлерін жалдап алған екен!» — деп өзара айқайласты. | |
II K | Kaz | 7:7 | Содан олар дереу орындарынан тұрып, шатырларын, жылқылары мен есектерін, бүкіл тұрақтарын да тастай сала таң сәріде бас сауғалап қашып кетті. | |
II K | Kaz | 7:8 | Енді алапес адамдар тұрақтың шетіне келіп, бір шатырға кіріп, ішіп-жеп тойынды, әрі ондағы алтын-күміс, бағалы киімдерді алып, бір жерге тығып қойды. Содан қайта келіп, басқа бір шатырға кіріп, сондағы бағалы заттарды да алып, жасырып тастады. | |
II K | Kaz | 7:9 | Кейін олар өзара былай десті: «Біздің бұлай еткеніміз дұрыс емес. Бүгін қуанышты күн, ізгі хабар күні! Ал біз оны ешкімге айтпай жүрміз. Егер таңертеңге дейін күтіп, оны ешкімге жеткізбесек, онда жазаға ілігіп қалуымыз мүмкін. Одан да қазір барып, мұны патша сарайына айтып берейік!» | |
II K | Kaz | 7:10 | Сондықтан олар қалаға барып, қақпа күзетушілерге дауыстап: «Біз арамалықтардың тұрағына барып келдік. Онда ешкім де жоқ, бос жатыр! Тек байлаулы күйі қалған аттар мен есектерді ғана көрдік, шатырлары да дәл сол күйінде қалыпты. Бірақ бірде-бір жанның даусы шыққан жоқ!», — деп мәлімдеді. | |
II K | Kaz | 7:12 | Содан патша түнде төсегінен тұрды. Бірақ ол жиналған нөкерлеріне тіл қатып:— Арамалықтардың бізге не істегендерін сендерге түсіндіріп берейін: олар біздің ашығып жатқанымыз туралы біледі. Сол себепті олар тұрақтарынан шығып, далада тығылып тұр. Бізді қаладан сөзсіз шығады деп ойлайды. Сонда олар бізді тірідей қолға түсіріп, қалаға басып кіріп алады, — деген күдігін білдірді. | |
II K | Kaz | 7:13 | Ал оның нөкерлерінің бірі:— Уа, тақсыр, біраз адамдарымыз қалада қалған бес атты күймеге жегіп алсын. Аштықтан қайтыс болғандар сияқты, олар да және қалада әлі де тірі қалып отырған барлығымыз да бәрібір аштан өлеміз. Сондықтан не болғанын анықтап білу үшін оларды сол жаққа жібергеніміз жөн болар, — деп ұсынды. | |
II K | Kaz | 7:14 | Содан олар екі күймеге аттарын жегіп, соларға барлаушыларды мінгізді. Патша оларды арамалықтардың әскеріне не болғанын біліп келуге жіберді. | |
II K | Kaz | 7:15 | Барлаушылар арамалықтардың артынан Иордан өзеніне дейін барып, жол бойында олардың асыға қашып кетіп бара жатқанда тастап кеткен киімдері мен жабдықтарын көрді. Барлаушылар патшаға қайта оралып, көргендерін айтып берді. | |
II K | Kaz | 7:16 | Содан халық қаладан шығып, арамалықтардың тұрағында қалған нәрселердің барлығын олжалап алды. Сонда Жаратқан Иенің айтқан сөзіне сәйкес, бір қапшық таңдаулы бидай ұны да, екі қапшық арпа да бір мысқал күміске сатылатын болды. | |
II K | Kaz | 7:17 | Патша әлгі жеке нөкерін қақпа күзетін басқаруға тағайындаған болатын. Нөкер қақпадан өтіп бара жатқан қалың халықтың табанының астында қалып, тапталып өлді. Осылайша Құдайдың адамының патша оған келген кезде айтқаны іске асты. | |
II K | Kaz | 7:18 | Себебі Құдайдың пайғамбары патшаға: «Ертең осы уақытта қала қақпасының жанында екі қап арпа да, бір қап таңдаулы бидай ұны да бір-ақ мысқал күміске сатылатын болады» дегенде, | |
II K | Kaz | 7:19 | патшаның сол нөкері пайғамбарға: «Жаратқан Ие тіпті аспан қақпаларын айқара ашып тастаса да, мұндай нәрсе қалай бола алады?!» деген болатын. Сонда пайғамбар бұл нөкерге: «Сен мұны өз көзіңмен көретін боласың, әйтсе де жей алмайсың!» деген еді. | |