II KINGS
Chapter 3
II K | Kaz | 3:1 | Яһудаға Жосапат патшалық құрған он сегізінші жылы Ахаб ұлы Жорам Солтүстік Исраилдің патшасы болды. Ол Самария қаласында он екі жыл бойы билік жүргізді. | |
II K | Kaz | 3:2 | Жорам Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді. Алайда ол әке-шешесі сияқты әрекет еткен жоқ, себебі әкесі жалған тәңір Бағалға арнап жасатып, тұрғызған тас бағананы Жорам алып тастады. | |
II K | Kaz | 3:3 | Бірақ Жорам ежелде Набат ұлы Еробоғамның Исраил халқын азғырған күнәларын ұстанып, солардан бас тартпады. | |
II K | Kaz | 3:4 | Моаб патшасы Меша қой өсірумен шұғылданатын. Ол Солтүстік Исраил патшасына жылына жүз мың тоқтыны әрі жүз мың қошқардың жүнін беріп тұруға міндетті болатын. | |
II K | Kaz | 3:5 | Алайда Ахаб патша өлгеннен кейін, Моаб патшасы Солтүстік Исраилдің патшасы Жорамға қарсы бас көтерді. | |
II K | Kaz | 3:6 | Сонда Жорам патша Самариядан шығып, бүкіл Солтүстік Исраилдің әскерін түгендеп санақтан өткізді. | |
II K | Kaz | 3:7 | Ол, сондай-ақ, Яһуда патшасы Жосапатқа мынадай хабар жолдады:— Моаб патшасы маған қарсы бас көтерді. Менімен бірге Моабқа қарсы соғысуға аттанасыз ба? — Жосапат патша бұған:— Жарайды, сізбен бірге аттанайын! Өзім де, жасағым да, атты әскерім де сіздің құзырыңыздамыз, — деп жауап берді. | |
II K | Kaz | 3:8 | Содан кейін ол: — Сол жаққа біз қай жолмен барамыз? — деп сұрады. Жорам патша:— Едомның шөл даласы арқылы! — деді. | |
II K | Kaz | 3:9 | Осылайша Солтүстік Исраилдің, Яһуданың және Едомның патшалары әскерлерін ертіп аттанды. Айналма жолмен жеті күн бойы жүргеннен кейін олардың өздері үшін де, қастарындағы малдары үшін де су қалмады. | |
II K | Kaz | 3:10 | Сонда Солтүстік Исраилдің патшасы күдерін үзіп былай деп дауыстады:— Әттеген-ай! Жаратқан Ие бізді, үш патшаны, Моаб патшасының қолына тапсыру үшін осында шақырған екен ғой! — | |
II K | Kaz | 3:11 | Алайда Жосапат сауал қойып былай деді:— Мұнда Жаратқан Иенің пайғамбары жоқ па еді? Сол арқылы Жаратқан Иеден ақыл-кеңес сұрайық. — Солтүстік Исраил патшасының бір қызметкері:— Шапат ұлы Еліше осында жүр. Ол кезінде Ілиястың шәкірті болып, қолына су құйып қызмет көрсеткен, — деп жауап берді. | |
II K | Kaz | 3:12 | Жосапат:— Ол Жаратқан Иенің сөзін жеткізе алады, — деп келісті. Содан Солтүстік Исраил патшасы Жорам, Яһуда патшасы Жосапат және Едомның патшасы үшеуі Еліше пайғамбарға барды. | |
II K | Kaz | 3:13 | Ал Еліше Солтүстік Исраилдің патшасына:— Менде сенің не шаруаң бар? Ана әкеңнің және шешеңнің «пайғамбарларына» бара бер! — деді. Ал патша:— Жоқ! Бізді, осы үш патшаны, моабтықтардың қолына түсіру үшін шақырып алып келген — Жаратқан Иенің Өзі! — деп жауап қайырды. | |
II K | Kaz | 3:14 | Еліше:— Өзім қызмет ететін мәңгі тірі Әлемнің Иесінің алдында шын айтамын: Егер Яһуданың патшасы Жосапат болмағанда, мен саған көз салып назар аудармас та едім. | |
II K | Kaz | 3:15 | Ал енді, маған бір жетігеншіні алып келіңдер! — деді.Жетігенші келіп, аспабын тартып жатқанда, Жаратқан Ие Елішеге қолын тигізіп оған рухани құдірет қондырды. | |
II K | Kaz | 3:16 | Сонда Еліше былай деді: «Жаратқан Ие мынаны бұйырады: Осы аңғардың ұзына бойы арықтар мен шұңқырлар қазыңдар! | |
II K | Kaz | 3:17 | Себебі Жаратқан Ие мынаны алдын ала білдіреді: Сендер еш жел мен жаңбыр көрмейсіңдер, әйтсе де аңғар суға толып, өздерің де, малдарың да содан ішетін боласыңдар! | |
II K | Kaz | 3:18 | Мұны істеу Жаратқан Ие үшін оп-оңай. Ол, сондай-ақ, моабтықтарды қолдарыңа бере салады. | |
II K | Kaz | 3:19 | Сонда сендер барлық бекіністі де үлкен қалаларды қиратып, әрбір жеміс ағашын шауып құртасыңдар. Бұлақ көздерінің бәрін су шықпайтын етіп бітеп, құнарлы егістік атаулыға тас үйіп тастайсыңдар». | |
II K | Kaz | 3:20 | Келесі күні (Иерусалимдегі ғибадатханада) таңертеңгі тарту ұсынылатын кезде кенеттен Едомның (таулы) аймағынан су ағып келіп, сол жер суға толып кетті. | |
II K | Kaz | 3:21 | Ал моабтықтар әлгі патшалардың өздеріне қарсы соғысуға келе жатқанын естіген еді. Содан олар қару ұстауға жарамды ер адамдарының барлығын жинап алып, шекараға тұрғызып қойған болатын. | |
II K | Kaz | 3:22 | Таңертең солар ерте тұрғанда, күн сәулесі су бетіне шағылысып тұрды. Ар жақтағы моабтықтарға сол су қан іспетті қып-қызыл болып көрінді. | |
II K | Kaz | 3:23 | Сонда олар: «Мынау қан ғой! Ана патшалар өзара қырқысып, бірін-бірі қырып тастаған екен! Ендеше, моабтықтар, кеттік! Олжаға ие болайық!» — десті. | |
II K | Kaz | 3:24 | Алайда олар Исраилдің әскер қосына таяп қалғанда, исраилдік жасақшылар қарсы шыға келіп, оларға ауыр соққы берді. Моабтықтар қаша жөнелді, ал исраилдіктер олардың еліне басып кіріп, моабтықтарды қырып тастады да, | |
II K | Kaz | 3:25 | қалаларын қиратты. Әрбір жасақшы шұрайлы егістік танаптарына тас лақтырып, үйіп тастады. Жасақшылар бұлақ көздерінің барлығын бітеп, күллі жеміс ағаштарын шауып құлатты. Ең ақырында тек Кир-Хәрешет қаласы ғана аман қала берді. Бірақ тас лақтырушы жауынгерлер оны қоршап алып, шабуылдады. | |
II K | Kaz | 3:26 | Моаб патшасы шайқаста жеңілгенін ұғып, жеті жүз семсер ұстайтын адамымен Едом патшасының жағына қарай әскер шебін жарып өтіп кетпек болды. Бірақ олар өтіп үлгермеді. | |