II KINGS
Chapter 1
II K | Kaz | 1:2 | (Ахаб ұлы) Охозиях өзінің Самария қаласындағы сарайының жоғарғы бөлмесінің торынан құлап, қатты жарақаттанып қалған болатын. Сонда ол елшілерін жіберіп, оларға былай деп бұйырды: «Әкрон қаласына барып, сондағы жұрт құлшылық ететін Бағал-Зебуб есімді тәңірден: Осы жарақатымнан жазылар ма екенмін деп сұрап келіңдер!» | |
II K | Kaz | 1:3 | Ал Жаратқан Иенің періштесі тішбелік Ілиясқа мына тапсырманы берді: «Жиналып, Самария патшасының елшілерінің алдынан шық. Оларға: Исраилде Құдай жоқтай, сонау Әкронның тәңірсымағы Бағал-Зебубке неге бара жатырсыңдар?! | |
II K | Kaz | 1:4 | Сол үшін де Жаратқан Ие Охозияхқа мынаны айтады: Жатқан төсегіңнен енді қайтып тұрмай, өлесің! — дегенді жеткіз!» — Сонда Ілияс жолға шығып, тапсырманы орындады. | |
II K | Kaz | 1:6 | Олар былай деп жауап берді:— Алдымыздан бір адам шығып, бізге тіл қатып былай деді: Сендерді жіберген патшаға қайтып барып, оған: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Исраилде Құдай жоқтай, неге сонау Әкронның тәңірсымағы Бағал-Зебубтен ақыл-кеңес сұрап, адам жіберіп жатырсың?! Сол үшін де жатқан төсегіңнен енді қайтып тұрмай, өлесің!» деген хабарды жеткізіңдер! — | |
II K | Kaz | 1:8 | Олар:— Ол үстіне жүн шапан киіп, қайыс белбеумен белін буып жүреді, — деді. Сонда Охозиях:— Бұл — тішбелік Ілияс! — деп, | |
II K | Kaz | 1:9 | бір елубасын елу жауынгерімен бірге Ілиясты алып келуге жіберді. Елубасы адамдарымен көтеріліп барғанда, Ілияс бір төбе басында отыр екен. Елубасы оған былай деп бұйырды:— Ей, Құдайдың адамы! Патша саған: «Төмен түсіп, өзіме кел!» деп әмір етті. — | |
II K | Kaz | 1:10 | Ілияс оған жауап беріп:— Егер мен Құдайдың адамы болсам, аспаннан от түсіп, сені елу жауынгеріңмен қоса жалмап қойсын! — деді. Сонда аспаннан от түсіп, оның өзін де, елу адамын да жалмап қойды. | |
II K | Kaz | 1:11 | Енді патша басқа бір елубасын елу жауынгерімен бірге жіберді. Елубасы Ілиясқа бұйырып:— Ей, Құдайдың адамы! Патша саған: «Тез төмен түсіп, өзіме кел!» деп әмір етті, — деді. | |
II K | Kaz | 1:12 | Ілияс жауап беріп:— Егер мен Құдайдың адамы болсам, аспаннан от түсіп, сені елу жауынгеріңмен қоса жалмап қойсын! — деді. Сонда аспаннан от түсіп, оның өзін де, елу адамын да жалмап қойды. | |
II K | Kaz | 1:13 | Патша үшінші елубасын елу жауынгерімен бірге жіберді. Бұл елубасы төбе басына өрлеп барып, Ілиястың алдында тізесін бүгіп тағзым етіп, былай деп өтінді:— Уа, Құдайдың адамы, өзімнің өмірімді, мына елу құлыңыздың өмірін де мүсіркеп бағалай көріңіз! | |
II K | Kaz | 1:14 | Қараңызшы, аспаннан от түсіп, сол екі елубасын да жауынгерлерімен қоса жалмап қойды. Ал енді, менің өмірімді қия көріңіз! | |
II K | Kaz | 1:15 | Сонда Жаратқан Иенің періштесі Ілиясқа: «Оған еріп төмен түс, одан қорықпа!» — деп тапсырды. Ілияс орнынан тұрып, елубасымен бірге төмен түсіп, патшаға барды. | |
II K | Kaz | 1:16 | Оған былай деді: «Жаратқан Ие сізге мынаны айтады: Исраилде Құдай жоқтай, неге сонау Әкронның тәңірсымағы Бағал-Зебубтен ақыл-кеңес сұрап, адам жібердің?! Сол үшін де жатқан төсегіңнен енді қайтып тұрмай, өлесің!» | |
II K | Kaz | 1:17 | Осылайша, Жаратқан Иенің Ілияс арқылы айтқан сөзіне сәйкес, Охозиях қайтыс болды. Оның орнын басатын ұлы болмағандықтан, (туған інісі) Жорам Солтүстік Исраилдің патшасы болды. Бұл Яһуда еліне Жосапат ұлы Жорамның патшалық құрған екінші жылы орын алды. | |