JONAH
Chapter 2
Jona | Kaz | 2:1 | Жаратқан Иенің бұйрығымен бір үлкен балық Жүністі жұтып қойды. Ол соның ішінде үш күн, үш түн бойы жатты. | |
Jona | Kaz | 2:3 | «Қиын-қыстау кезімде, уа, Жаратқан Ием,Саған сиындым, жауап бердің де Сен.Сонда тұңғиықтың терең түкпіріненКөмек сұрап саған жалбарынған ем,Шақырған даусыма құлақ салдың да Сен. | |
Jona | Kaz | 2:4 | Мені тұңғиыққа, терең теңіздіңТүбіне Сен лақтырған едің,Айналам түгел тек ағыстар болған,Соққылап қарқынды толқындарыңныңБарлығы да өтті мына басымнан. | |
Jona | Kaz | 2:5 | Былай деп те айтқан болатынмын:Аластатылсам да көз алдыңнан,Киелі үйіңе қарамақпын қайтадан. | |
Jona | Kaz | 2:7 | Су асты, тау түбіне түсіп қалдым,Сол жерге мәңгі қамалғандай болдым.Бірақ Сен, Жаратқан Ие, Құдайым,Жанымды тұңғиықтан алып қалдың. | |
Jona | Kaz | 2:8 | Көңілім құлазып, үміт өшкенде,Уа, Тәңір Ием, Сені алдым есіме,Мінажатым құлағыңа жетті деСенің көктегі киелі үйіңде. | |
Jona | Kaz | 2:9 | Жарамсыз да жалған тәңірлергеТабынушылар безеді өздерінеРақым көрсетпек болған Құдайынан. | |
Jona | Kaz | 2:10 | Ал мен Саған әнмен шүкірлік айтам,Сый-тарту ұсынып, антымда тұрам.Құтқарылу келеді тек Жаратқаннан!» | |