JONAH
Chapter 1
Jona | Kaz | 1:2 | «Жолға жиналып, ұлы қала Ниневиге бар да, оны соттамақ екенімді жарияла! Олардың зұлым қылықтары Менің көз алдымда», — деп тапсырды. | |
Jona | Kaz | 1:3 | Сонда Жүніс жолға жиналды. Алайда ол Жаратқан Иенің назарынан алысқа, Тарсис қаласына қашып кетуге бел буды. Содан Жүніс Яффа қаласына ылдилап барып, сол жерден Тарсиске аттанғалы тұрған кемені іздеп тапты. Ол жолақысын төлеп, кемеге отырып, Жаратқан Иеден жасырынып қалу үшін Тарсиске қарай жүзіп кетті. | |
Jona | Kaz | 1:4 | Бірақ Жаратқан Ие теңізге қатты жел жіберіп, сұрапыл дауыл тұрғызды. Кемеге қирау қаупі төнді. | |
Jona | Kaz | 1:5 | Теңізшілер үрейленіп, әрқайсысы өзі табынатын тәңіріне жалбарына сиынды. Олар кеменің салмағын жеңілдетіп, қауіпті азайту үшін жүктерді суға лақтыра бастады.Бұл кезде Жүніс кеменің төменгі қабатына түсіп, қатты ұйқыға кеткен болатын. | |
Jona | Kaz | 1:6 | Кеме бастығы оған келіп: «Әй, сен неғып ұйықтап жатырсың?! Тұрып, Тәңіріңе жалбарына сиын! Мүмкін, Тәңірің бізді ойына алып, ажалдан сақтап қалар», — деп бұйырды. | |
Jona | Kaz | 1:7 | Теңізшілер өзара: «Жеребе тастап, біздің осы пәлеге душар болғанымызға кімнің кінәлі екенін біліп алайық», — десті. Олар солай істегенде жеребе Жүніске түсті. | |
Jona | Kaz | 1:8 | Теңізшілер оған:— Бізге айтып берші: осы апаттың басымызға түскеніне кім кінәлі? Кәсібің не? Қайдан келдің? Туған елің қайда? Қай ұлтсың? — деген сұрақтарды жаудырды. Жүніс: | |
Jona | Kaz | 1:9 | — Мен исраилдікпін. Көктегі Құдайды, яғни теңіз бен құрлықты жаратқан Тәңір Иені, қастерлеймін, — деп жауап қайырып, | |
Jona | Kaz | 1:10 | оларға өзінің Жаратқан Иеден қашып жүргенін ашық айтып берді. Сонда теңізшілердің зәрелері ұшып сасқалақтап, Жүніске: «Неге бұлай істедің?!» — деп қатты налыды. | |
Jona | Kaz | 1:11 | Осы екі арада теңіз толқындары күшейген үстіне күшейе түсті. Сондықтан теңізшілер Жүніске:— Теңіздің тыншуы үшін саған не істеуіміз керек? — деген сауал қойды. | |
Jona | Kaz | 1:12 | — Мені теңізге лақтырсаңдар, ол басылады. Өйткені осы сұрапыл дауылға ұшырап отырғандарың менің кесірімнен екенін білемін, — деп жауап берді Жүніс. | |
Jona | Kaz | 1:13 | Алайда сол жігіттер бар күштерімен есе беріп, кемені жағаға жеткізуге тырысты. Бірақ дауыл долданып, күшейе түсіп, еңбектері зая кетті. | |
Jona | Kaz | 1:14 | Сондықтан олар Жаратқан Иеге жалбарына сиынып:— Уа, Жаратқан Ие, мына адамның жанын алуың үшін бізді де ажалға бұйыра көрме! Ал егер ол кінәсіз болса, қанын біздің мойнымызға жүктей көрме! Себебі Сен, Жаратқан Ие, осыны өз қалауыңа сай істедің, — деді. | |
Jona | Kaz | 1:15 | Содан теңізшілер Жүністі көтеріп алып, теңізге лақтырып жіберді. Сонда буырқанып тұрған теңіз тыныштала қалды. | |