LAMENTATIONS
Chapter 2
Lame | Kaz | 2:1 | (Пайғамбар:)Жаратқан Ие Сион халқын қалайшаӨз қаһарының бұлтымен тұмшалауда!Исраилдің даңқты ұлылығын ӨзіАспаннан жерге лақтырғандай етті!Қаһарын ашық білдірген сол күніИеміз ешқандай мүсіркемедіАяғының тұғыры — киелі үйді. | |
Lame | Kaz | 2:2 | Жаратқан Ие Жақыптың жеріндегіБар үйлерді аяусыз құртып жіберді.Ол ашуланып, Яһуда еліндегіҚамалдарын бұзып тастап бүлдірді,Патшалықты әрі әміршілердіАрамдап аяқасты етіп жіберді. | |
Lame | Kaz | 2:3 | Ием қатты қаһарланып, ИсраилдіңТалқанын шығарды, барлық күштерінің.Жау шапқанда Тәңір құдіретті қолынЕш созған жоқ бізді қорғау үшін.Ол лапылдаған оттай түкпір-түкпірінЖалмап тұр Жақыптың бүкіл елінің. | |
Lame | Kaz | 2:4 | Жаратқан мергендей тартты садағын,Оң қолымен қыруға тұрды дайын.Ол қас жауы сияқты халқымыздыңҚұртып жіберді қымбат жастарын.Жаратқан Қыз Сионның шатырыныңҮстіне оттай төге берді қаһарын. | |
Lame | Kaz | 2:5 | Жаратқан Ие қарсыласқа айналды,Түгел жұтып жібергендей Исраилді.Бар сарайының күл-талқанын шығарды,Бекіністерін жермен-жексен қылды.Қыз Яһудаға қайғылы жоқтау айттырды. | |
Lame | Kaz | 2:6 | Өзінің киелі үйін Ол қираттыБақшадағы күркені күйреткен сияқты,Халқының мейрамға жиналған жерін құртты.Ием Сионға өзінің мейрамдарыМен діни демалыс күндерін ұмыттырды.Қатты ашуланған Ол тіпті патшаныАяған жоқ әрі діни қызметкерді. | |
Lame | Kaz | 2:7 | Тәңір Ие өз құрбандық үстеліненБезіп кетті әрі киелі үйінен.Ол Сион шаһарындағы сарайлардыДұшпандарының қолына тапсырды.Солар Жаратқанның ғибадатханасындаМейрам болып жатқандай айқай салуда. | |
Lame | Kaz | 2:8 | Жаратқан Ие Сион шаһарыныңҚамалын да бұзуды жоспарлаған.Ол өлшеуіш жіп тартып, түгел құртамынДеп, қайтқан жоқ ойына алғанынан.Бар бекіністер мен қабырғаларданҚаладағы түк қалмады сондықтан. | |
Lame | Kaz | 2:9 | Шаһардың қақпалары жерге шөкті,Ысырмаларын Ол сындырып күйретті,Қаланың патшасы мен әміршілеріБөтен жұрт арасына айдалып кетті.Оларда мүлдем жоқ Таурат заңы,Жаратқаннан аян көрмейді пайғамбарлары. | |
Lame | Kaz | 2:10 | Жерде үнсіз отыр Сионның ақсақалдары,Азалы киініп, бастарына топырақ шашты.Ұялып бас иіп жүр Иерусалим қыздары. | |
Lame | Kaz | 2:11 | Халқым құрып, бала мен бөбектің көшелердеАштан өліп жатқандарын көргенімде,Төгілген жасымнан талды көздерім де,Жаным қиналды, ақтарылғандай боп жерге. | |
Lame | Kaz | 2:12 | Сәбилер: «Тамақ, сусын қайда?» — деп аналарына,Жаралы адамдай көшелерде талықсуда,Жан тапсырады аналарының құшағында. | |
Lame | Kaz | 2:13 | Иерусалим, не дейін саған, неге теңейін сені?Уа, Сион халқы, немен салыстырып жұбатам сені,Жараң теңіздей терең, кім жаза алар өзіңді? | |
Lame | Kaz | 2:14 | Пайғамбарларыңның хабарлары пайдасыз, жалған,Айдаудан сақтап олар күнәңді ашпады саған,Өтірік аяндар паш етіп сені адастырған. | |
Lame | Kaz | 2:15 | Өткен-кеткеннің бәрі қол шапалақтауда,«Мінсіз әсем, бар жердің қуанышы деген қалаОсы ма?» — деп ысқыра бастарын шайқауда. | |
Lame | Kaz | 2:16 | Күллі жауың саған арандарын ашуда,Ысқыра тіс қайрап: «Оны жалмап тындық та!Көп күткен күнді, міне, көрдік!» — деп мақтануда. | |
Lame | Kaz | 2:17 | Жаратқан жоспарын орындап, баяғы сөзінІске асырды: сені аяусыз қырып, жаудыңТабалауына жол беріп, молайтты оның күшін. | |
Lame | Kaz | 2:18 | Жан сала халқың Тәңір Иеге үн қатады,Өзің де, көзің де тыншымай, уа, Сион қамалы,Күні-түні өзендей қып ағыз көз жасыңды! | |
Lame | Kaz | 2:19 | Тұр да айқайла, уа, Сион, түнгі күзет басталғанда,Тәңір алдында жүрегіңді ақтар әр көше басында!Аштан өлер халқың үшін қолыңды жай жалбарына!(Иерусалим:) | |
Lame | Kaz | 2:20 | «Қарашы, Ием, қай халыққа істедің мұндайды,Туып-өсірген балаларын әйелдер жалмайды!Қызметкер, пайғамбар өз киелі үйіңде құриды! | |
Lame | Kaz | 2:21 | Көше бойы жерде жатыр жас та, кәрі де,Семсерден қырылды қыз-жігіттерім де,Бәрін аямай құрттың қаһарланған күніңде. | |