Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
LAMENTATIONS
1 2 3 4 5
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 4
Lame Kaz 4:1  (Пайғамбар:)Алтын қаншама көмескі тартқан,Саф алтын сапасынан айырылған,Киелі орынның құнды тастарыКөше қиылыстарында шашылған!
Lame Kaz 4:2  Сионның алтындай асыл ұлдарыКөзешінің жай ыдысындай саналған!
Lame Kaz 4:3  Шибөрі күшіктерін қамқорлап емізеді,Ал халқым шөлдегі түйеқұстай қатыгезденді.
Lame Kaz 4:4  Сәбилер шөлдеп, тілі таңдайына жабысқан,Жалынып жатқан оларға беруге жоқ еш нан.
Lame Kaz 4:5  Таңдап тамақ жегендер көшеде қалжырауда,Сәнді киініп өскендер қи-көңде құруда.
Lame Kaz 4:6  Халқымның кінәсі асып түсті Содомдікінен,Ол кенет күйреп, ешкім де қол ұшын бермеген.
Lame Kaz 4:7  Қардан пәк, сүттен ақ еді елдің әміршілері,Әрі маржаннан қызғылт олардың тәндері,Көк асыл тастай жарқылдайтын өңдері.
Lame Kaz 4:8  Ал қазір күйеден де қара келбеттері,Көшеде танымайды оларды таныс кісілері,Отындай кеуіп, сүйегіне жабысты терілері.
Lame Kaz 4:9  Аштықтан өліп жатқандардан гөріСемсерден қаза тапқандарға игі.Болмағанда жейтін азық-түліктеріАдамдар зор азаппен қалжырап өледі.
Lame Kaz 4:10  Халқымның осылай күйреген кезіндеМейірімді әйелдердің өздері деБалаларын өз қолымен асып, жеді де.
Lame Kaz 4:11  Жаратқан Ие бүкіл кәрін жаудырды,Ол Сионға қаһарының отын құйды,Өрт қаланың негізін де жалмап жойды.
Lame Kaz 4:12  Иерусалимнің қақпаларына жау кіредіДеп жердің еш патшасы не халқы сенбеп еді.
Lame Kaz 4:13  Бірақ халықтың зұлым пайғамбарларыМен діни қызметкерлерінің күнәларыҮшін солай болды: жазықсыз адамдардыҚала ішінде солар өлтіріп тастады!
Lame Kaz 4:14  Енді олар көшеде соқырдай сипалауда,Үстері төккен қандарынан ластанды да,Ешкім жанасқысы келмейді оларға.
Lame Kaz 4:15  Жұрт: «Алшаққа кетіңдер, арамсыңдар сендер! —Деп айқайлады. — Кетіңдер! Қол тигізбеңдер!»Һәм былай деді бөтен елдердегі кісілер:«Осында тұра алмайды сол кінәлілер!»
Lame Kaz 4:16  Жаратқан оларды Өзі шашып тастайды,Бұдан былай Ол соларға ден қоймайды.Жұрт діни қызметкерлерге ізет білдірмейді,Қарияларға да мейірім көрсетпейді.
Lame Kaz 4:17  Бекерге көмек іздеп көзіміз талды.Мұнарадан тостық құтқара алмайтын халықты.
Lame Kaz 4:18  Жау аңдып, жүре алмадық жолдарымызда,Күндеріміз бітіп, ажал таяп қалды да.
Lame Kaz 4:19  Қуғыншылар аспандағы бүркіттен жылдам еді,Тауда өкшелеп, түзде де аңдыды бізді.
Lame Kaz 4:20  Сеніп едік Жаратқан тағайындаған патшамызға,Бірақ ол да түсті жаудың тұзақтарына.Былай деп едік: «Патшаның қол астындаТірі қалармыз өзге ұлттар арасында».
Lame Kaz 4:21  Ус еліндегі Едом халқы, қуанасың ба?Ащы шараптай кәрлі жазаны тартасың да,Мас адамдай абыройыңды ашасың да!
Lame Kaz 4:22  Уа, Сион халқы, бітпек енді күнәңнің жазасы,Иеміз қуғыныңды көп ұзартпайды тағы!Ал, Едом халқы, Жаратқан сені жазалайды,Ол зұлым істеріңді ашып жариялайды.