Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
LAMENTATIONS
1 2 3 4 5
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 1
Lame Kaz 1:1  (Пайғамбар:)Беу, бір кезде халқы мол болған қалаЖападан-жалғыз отыр қазір қалайша!Ол сыйлы болатын халықтар арасында,Ал енді жесірдей болды тым бейшара.Аймақтарды басқарған ақсүйек ханшаЖай күңдей қазір ауыр жұмыс жасауда.
Lame Kaz 1:2  Түнде ол еңіреп жылап жатады,Көз жасы бетінен төмен ағады.Ашына болғандардың ешқайсысыЖұбату үшін қасында қалмапты,Опасыз болып достарының барлығы даАйналып кетті оның жауларына.
Lame Kaz 1:3  Көп азап шегіп, езгіге салынып,Яһуданың халқы кетті айдалып,Халықтардың арасын мекендейді,Ал сол жерде тыныштықты білмейді,Жау қуып жетті оны мүшкіл күйінде.
Lame Kaz 1:4  Сионға апаратын жолдар қайғыруда,Өйткені келер ешкім жоқ мейрамдарына,Қаңырап бос тұр оның қақпалары да,Діни қызметкерлер күңірене жоқтауда,Қызметші қыздары қайғырып жылауда,Оның өзі де қатты қиналуда!
Lame Kaz 1:5  Жау айналды қаланың қожайынына,Бірақ жағдай жақсы қарсыластарында.Қаланың күнәлары тым көп болғаннанҚайғыға ұшыратты оны Жаратқан,Халқын жау айдап әкетті қаладан.
Lame Kaz 1:6  Сион шаһары бар сәнінен айырылған,Оның күллі әміршілері ұқсас болғанБұғыларға жайылым таппай ашыққан,Әлсіреп қашуда олар жау алдынан.
Lame Kaz 1:7  Иерусалим қиналып, ел кезіп жүргендеБұрынғы мол байлығын сақтайды есінде.Халқы оның дұшпанның қолына түскенде,Көмектесер ешкім болмады өзіне.Жаулар қарап, күлді оның күйрегеніне.
Lame Kaz 1:8  Иерусалим күнәға терең батып,Осылай жексұрын болды арамданып.Бұрын оны құрметтеп сыйлағандар даАбыройының ашылғанын табалауда,Ал өзі сырт бұрылып, аһылауда.
Lame Kaz 1:9  Зор күнәсінен қала арамданып қалды,Соңында не боларын ол еш ойламады.Сондықтан да қала қатты құлдырады,Оны жұбататын ешкім де болмады.«Назар салшы азабыма, уа, Жаратқаным, —Дейді ол, — Тым мақтанады қас дұшпаным!»
Lame Kaz 1:10  Жау қол сұқты бар қымбат қазыналарына,Бөтен жұрт кіріп алды ғибадатханасына,Ал Сен бұйырдың: «Олар кірмесін жамағатқа!»
Lame Kaz 1:11  Бүкіл халқы нан іздеп аһ ұруда,Азық үшін бар дүние-мүлкін сатуда.(Иерусалим:)«Қорланғаныма назар салшы, уа, Жаратқан!»
Lame Kaz 1:12  «Бұл сендерге әсер етпей ме, ей, қасымнанӨтушілер, жан-жаққа қарап, ЖаратқанҚаһары лап еткенде, мені қайғыртқанКезде тартқан жазамды басқа кім тартқан?
Lame Kaz 1:13  Көктен Тәңірім бойыма от жіберді,Өрт жалмады күйретіп сүйектерімді.Аяғыма тұзақ құрып, мені кері бұрды,Ием мені қаңыратып бос қалдырды,Күн сайын шаршатып-шалдықтырды.
Lame Kaz 1:14  Күнәмді қолымен жіптей есіп шығарды,Жармадай етіп мойныма салды оларды,Жаратқан мені қуатымнан айырды,Қарсы тұра алмайтын жауыма тапсырды.
Lame Kaz 1:15  Жасақшыларымды Ием менсінбеді,Жас ерлерімді құртуға қол жинап әкелді.Жүзімнің сыққышта тапталатыны секілдіСүйікті Яһуда халқын таптай берді.
Lame Kaz 1:16  Сондықтан жылап, көз жасымды төгудемін,Жұбатып, маған күш беретін жоқ ешкім.Жау жеңіп, күйреді халқым менің».(Пайғамбар:)
Lame Kaz 1:17  Сион қол созса да, жоқ жұбатушылары,Ал Жаратқан Ие былай деп бұйрық шығарды:«Жақып елін қоршауға алсын дұшпандары!»Олар үшін Иерусалим арам затқа айналды.(Иерусалим:)
Lame Kaz 1:18  «Жаратқан Ие әділ, — дейді Иерусалим. —Мен Оның айтқанына бағынбаған едім.Бар халықтар, тыңдап, қараңдар азабыма,Жас жігіт-қыздарым менің кетті айдауға!
Lame Kaz 1:19  Шақырып ем көмекке көңілдестерімді,Алайда олар сатып кетті өзімді.Діни қызметкерлерім мен ақсақалдарымҚаза тапты аралап ИерусалимҚаласын азық іздеп жүріп өлмес үшін.
Lame Kaz 1:20  Менің қанша азап шегіп келгенімеАударшы назарыңды, уа, Жаратқан Ие!Мен саған бағынбай, қарсы шыққандықтан,Жан дүнием менің алай-дүлей болған,Жүрегім де әбден тынышсызданған.Жол бойы семсер халқымды жалмауда,Үйлердің ішіне де ажал таяуда!
Lame Kaz 1:21  Жұрт естісе де ауыр күңіренгенімді,Жұбататын ешкім жоқ қасіретімді.Жауларымның барлығы басыма түскенҒаламат азабым туралы естіген,Сенің солай істегеніңе жұрт көңілденген!Сен алдын ала айтқан сот күнің келсін,Олар да мен сияқты бола берсін!
Lame Kaz 1:22  Бар сұмдығы әшкереленсін алдыңда,Мені жазаладың көп күнәма бола,Дәл солай жазалай гөр оларды да!Көп аһ ұрып, жүрегім қан жылауда».