LAMENTATIONS
Chapter 1
Lame | Kaz | 1:1 | (Пайғамбар:)Беу, бір кезде халқы мол болған қалаЖападан-жалғыз отыр қазір қалайша!Ол сыйлы болатын халықтар арасында,Ал енді жесірдей болды тым бейшара.Аймақтарды басқарған ақсүйек ханшаЖай күңдей қазір ауыр жұмыс жасауда. | |
Lame | Kaz | 1:2 | Түнде ол еңіреп жылап жатады,Көз жасы бетінен төмен ағады.Ашына болғандардың ешқайсысыЖұбату үшін қасында қалмапты,Опасыз болып достарының барлығы даАйналып кетті оның жауларына. | |
Lame | Kaz | 1:3 | Көп азап шегіп, езгіге салынып,Яһуданың халқы кетті айдалып,Халықтардың арасын мекендейді,Ал сол жерде тыныштықты білмейді,Жау қуып жетті оны мүшкіл күйінде. | |
Lame | Kaz | 1:4 | Сионға апаратын жолдар қайғыруда,Өйткені келер ешкім жоқ мейрамдарына,Қаңырап бос тұр оның қақпалары да,Діни қызметкерлер күңірене жоқтауда,Қызметші қыздары қайғырып жылауда,Оның өзі де қатты қиналуда! | |
Lame | Kaz | 1:5 | Жау айналды қаланың қожайынына,Бірақ жағдай жақсы қарсыластарында.Қаланың күнәлары тым көп болғаннанҚайғыға ұшыратты оны Жаратқан,Халқын жау айдап әкетті қаладан. | |
Lame | Kaz | 1:6 | Сион шаһары бар сәнінен айырылған,Оның күллі әміршілері ұқсас болғанБұғыларға жайылым таппай ашыққан,Әлсіреп қашуда олар жау алдынан. | |
Lame | Kaz | 1:7 | Иерусалим қиналып, ел кезіп жүргендеБұрынғы мол байлығын сақтайды есінде.Халқы оның дұшпанның қолына түскенде,Көмектесер ешкім болмады өзіне.Жаулар қарап, күлді оның күйрегеніне. | |
Lame | Kaz | 1:8 | Иерусалим күнәға терең батып,Осылай жексұрын болды арамданып.Бұрын оны құрметтеп сыйлағандар даАбыройының ашылғанын табалауда,Ал өзі сырт бұрылып, аһылауда. | |
Lame | Kaz | 1:9 | Зор күнәсінен қала арамданып қалды,Соңында не боларын ол еш ойламады.Сондықтан да қала қатты құлдырады,Оны жұбататын ешкім де болмады.«Назар салшы азабыма, уа, Жаратқаным, —Дейді ол, — Тым мақтанады қас дұшпаным!» | |
Lame | Kaz | 1:10 | Жау қол сұқты бар қымбат қазыналарына,Бөтен жұрт кіріп алды ғибадатханасына,Ал Сен бұйырдың: «Олар кірмесін жамағатқа!» | |
Lame | Kaz | 1:11 | Бүкіл халқы нан іздеп аһ ұруда,Азық үшін бар дүние-мүлкін сатуда.(Иерусалим:)«Қорланғаныма назар салшы, уа, Жаратқан!» | |
Lame | Kaz | 1:12 | «Бұл сендерге әсер етпей ме, ей, қасымнанӨтушілер, жан-жаққа қарап, ЖаратқанҚаһары лап еткенде, мені қайғыртқанКезде тартқан жазамды басқа кім тартқан? | |
Lame | Kaz | 1:13 | Көктен Тәңірім бойыма от жіберді,Өрт жалмады күйретіп сүйектерімді.Аяғыма тұзақ құрып, мені кері бұрды,Ием мені қаңыратып бос қалдырды,Күн сайын шаршатып-шалдықтырды. | |
Lame | Kaz | 1:14 | Күнәмді қолымен жіптей есіп шығарды,Жармадай етіп мойныма салды оларды,Жаратқан мені қуатымнан айырды,Қарсы тұра алмайтын жауыма тапсырды. | |
Lame | Kaz | 1:15 | Жасақшыларымды Ием менсінбеді,Жас ерлерімді құртуға қол жинап әкелді.Жүзімнің сыққышта тапталатыны секілдіСүйікті Яһуда халқын таптай берді. | |
Lame | Kaz | 1:16 | Сондықтан жылап, көз жасымды төгудемін,Жұбатып, маған күш беретін жоқ ешкім.Жау жеңіп, күйреді халқым менің».(Пайғамбар:) | |
Lame | Kaz | 1:17 | Сион қол созса да, жоқ жұбатушылары,Ал Жаратқан Ие былай деп бұйрық шығарды:«Жақып елін қоршауға алсын дұшпандары!»Олар үшін Иерусалим арам затқа айналды.(Иерусалим:) | |
Lame | Kaz | 1:18 | «Жаратқан Ие әділ, — дейді Иерусалим. —Мен Оның айтқанына бағынбаған едім.Бар халықтар, тыңдап, қараңдар азабыма,Жас жігіт-қыздарым менің кетті айдауға! | |
Lame | Kaz | 1:19 | Шақырып ем көмекке көңілдестерімді,Алайда олар сатып кетті өзімді.Діни қызметкерлерім мен ақсақалдарымҚаза тапты аралап ИерусалимҚаласын азық іздеп жүріп өлмес үшін. | |
Lame | Kaz | 1:20 | Менің қанша азап шегіп келгенімеАударшы назарыңды, уа, Жаратқан Ие!Мен саған бағынбай, қарсы шыққандықтан,Жан дүнием менің алай-дүлей болған,Жүрегім де әбден тынышсызданған.Жол бойы семсер халқымды жалмауда,Үйлердің ішіне де ажал таяуда! | |
Lame | Kaz | 1:21 | Жұрт естісе де ауыр күңіренгенімді,Жұбататын ешкім жоқ қасіретімді.Жауларымның барлығы басыма түскенҒаламат азабым туралы естіген,Сенің солай істегеніңе жұрт көңілденген!Сен алдын ала айтқан сот күнің келсін,Олар да мен сияқты бола берсін! | |