ZECHARIAH
Chapter 5
Zech | Kaz | 5:2 | Періште менен:— Не көріп тұрсың? — деп сұрады.— Ұшып бара жатқан бір шиыршық кітапты көріп тұрмын. Оның ұзындығы жиырма шынтақ, ені он шынтақ, — деп жауап бердім. | |
Zech | Kaz | 5:3 | Сонда ол маған түсіндіріп былай деді:— Осы кітапта жазылғаны — бүкіл жер бетіне таралып жатқан қарғыс. Қағаздың бір бетінде әрбір ұры, екінші бетінде әрбір өтірік ант етуші елден міндетті түрде аластатылады деген сөз жазылған. | |
Zech | Kaz | 5:4 | Әлемнің Иесі былай дейді:— Мен осы қарғысты ұрылардың және Менің атымды атап өтірік ант етушілердің үйлеріне жіберемін. Ол солардың үйлерінің ішіне қонып, үйдің тастары мен бөренелерін тып-типыл қылып құртады. | |
Zech | Kaz | 5:5 | Содан кейін менімен сөйлескен періште ілгері қарай шығып, былай деді:— Басыңды көтеріп жоғары қара! Не жақындап келе жатыр? — | |
Zech | Kaz | 5:6 | Мен:— Бұл не? — деп сұрадым. Періште маған түсіндіріп:— Бұл — үлкен өлшеуіш ыдыс — деді. Ол сөзін жалғастырып: — Ыдыс бүкіл елдің тұрғындарының жасаған қылмыстарының бейнесі, — деп қосты. | |
Zech | Kaz | 5:8 | Періште:— Бұл — заңсыздықтың бейнесі, — деді де, әйелді ыдыстың ішіне итеріп жіберіп, қорғасын қақпағын тығыздап жауып қойды. | |
Zech | Kaz | 5:9 | Осыдан кейін тағы да қарасам, екі әйел қалықтап ұшып келе жатыр екен. Олардың аққұтанның қанаттарындай қанаттарынан жел есіп тұрды. Олар ыдысты аспан мен жердің арасына, әуеге көтеріп алып кетті. | |