Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
ZECHARIAH
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 11
Zech Kaz 11:1  Уа, Ливан елі, қақпаларыңды айқара аш, самырсындарыңды от жалмап қойсын!
Zech Kaz 11:2  Уа, қарағай ағаштары, зар жылаңдар, себебі самырсындар құлап, айбынды ағаштар қирап қалды. Уа, Башан елінің емендері, зар жылаңдар, себебі Ливанның қалың орманы күйреді.
Zech Kaz 11:3  Шопандардың беу-беулеп жоқтаған дауыстарына құлақ түрші: Олардың мақтан тұтқан жайылымдары жойылды. Ақырып жүрген жас арыстандарға құлақ тікші! Себебі олардың Иордан өзенінің жағасындағы мекені — ну қамыс құртылды.
Zech Kaz 11:4  Құдайым Жаратқан Ие мынаны айтады: «Сойылуға белгіленген отарымды бақ!
Zech Kaz 11:5  Оларды сатып алып кеткендер қырып салып, жазасыз қала береді. Ал оларды сатып жібергендер: Жаратқан Иеге шүкірлік, байып алдық! — дейді. Тіпті бақташылардың өздері баққан малын аямайды.
Zech Kaz 11:6  Мен енді елдің тұрғындарына аяушылық көрсетпеймін! — деп жариялайды Жаратқан Ие. — Оларды бір-бірінің әрі патшаларының қолдарына түсіремін. Солар елді ойрандаса да, Мен ешкімді олардың шеңгелінен құтқарып алмаймын!»
Zech Kaz 11:7  Осылай мен сойылуға белгіленген бір отар қойды бақтым. Олар езіліп, тапталғандар еді. Екі таяқ алып, бірін «Рақым», екіншісін «Бірлік» деп атап, отарды жайдым.
Zech Kaz 11:8  Бір айдың ішінде-ақ үш зұлым бақташыны жоқ қылдым. Ал отар мені жек көріп, мен де олардан әбден мезі болдым.
Zech Kaz 11:9  Сонда: «Бұдан былай мен сендердің бақташыларың болмаймын. Өлетіндерің өліп, құритындарың құрыңдар! Ал қалғандарың бір-біріңді жалмай беріңдер», — дедім.
Zech Kaz 11:10  Өзімнің «Рақым» атты таяғымды алып, оны сындырдым. Осылай мен барлық басқа халықтармен жасаған келісімімді жойғанымды көрсеттім.
Zech Kaz 11:11  Сөйтіп келісім сол күні жойылды. Ал отардың езіліп, тапталған қойлары мені бақылап тұрып, бұл сөздің Жаратқан Иеден келгенін ұқты.
Zech Kaz 11:12  Содан соң мен: «Егер құп көрсеңдер, менің ақымды беріңдер, құп көрмесеңдер, мейлі, төлемей-ақ қойыңдар!» — дедім. Олар маған отыз мысқал күмісті таразыға тартып өлшеп берді.
Zech Kaz 11:13  Жаратқан Ие маған мынаны айтты: «Мен үшін белгіленген «керемет жоғары» бағаны алып, құмырашыға қарай лақтырып таста!» — Сонда мен отыз мысқал күмісті Жаратқан Иенің киелі үйінде құмырашыға қарай лақтырып тастадым.
Zech Kaz 11:14  Осыдан кейін «Бірлік» дейтін екінші таяғымды сындырып, Яһуда мен Солтүстік Исраил елдерінің арасындағы ағайындық байланысты жойдым.
Zech Kaz 11:15  Жаратқан Ие маған тағы да тіл қатып былай деді: «Бақташының құрал-саймандарын өзіңе ал да, жаман бақташыдай әрекет жаса.
Zech Kaz 11:16  Себебі Мен елде сондай бақташыны шығарамын. Ол отардың ішіндегі құрып бара жатқандарының қамын да ойламайды, адасып кеткен төлдерін де іздемейді, ауырған қойларын да емдемейді, сауларын да күтпейді. Керісінше, ол семіздерінің етін жалмап, тіпті тұяқтарына дейін шағып жеп тауысады.
Zech Kaz 11:17  Отарын тастап кеткен жаман бақташы қасіретке қалады-ау! Семсер оның қолы мен оң көзіне қадалсын! Сонда оның қолы әбден солып, оң көзі мүлдем көрмей қалады!»