Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
ZECHARIAH
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 6
Zech Kaz 6:1  Мен қайтадан жоғары қарап, екі таудың арасындағы шатқалдан шығып келе жатқан төрт күймені көрдім. Сол екі тау қола тау екен.
Zech Kaz 6:2  Бірінші күймеге жирен, екіншісіне қара,
Zech Kaz 6:3  үшіншісіне ақбоз, төртіншісіне ала аттар жегіліпті. Аттардың бәрі де мықты екен.
Zech Kaz 6:4  Сонда мен өзіммен сөйлескен періштеден:— Мыналар не, мырзам? — деп сұрадым.
Zech Kaz 6:5  Періште маған:— Бұлар көктің төрт рухын бейнелейді. Осы төрт рух бүкіл жер бетінің Иесінің алдында тұратын нөкерлері. Олар Оның еркін орындауға шығып бара жатыр, — деп түсіндірді. —
Zech Kaz 6:6  Қара аттар жегілген күйме солтүстік жаққа қарай, ақбоз аттар жегілген күйме олардың артынан, ал ала аттар жегілген күйме оңтүстікке қарай бағыт алды.
Zech Kaz 6:7  Сол мықты аттар алға шығып, жер бетін шолып қайтуға асыға жұлқынды. Сондықтан ол: «Барыңдар, жерді шолып қайтыңдар!» — деп бұйырды. Осыны естісімен олар жерді шарлауға аттанды.
Zech Kaz 6:8  Сонда Жаратқан Ие маған дауыстап:— Біліп ал, солтүстікке кеткендер сол өлкеге Менің қаһарлы жазамды тартқызып, Рухымды тыныштандырды, — деді.
Zech Kaz 6:9  Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап былай деді:
Zech Kaz 6:10  — Бабылға жер аударылудан қайта оралған Хелдай, Тобиях және Едаях есімді адамдардан алып келген сый-тартуларын қабылдап, сол күні Софония ұлы Жосияның үйіне бар!
Zech Kaz 6:11  Осы күміс пен алтыннан алып, тәж жасатып, оны бас діни қызметкер Ехосадық ұлы Ешуаның басына кигіз.
Zech Kaz 6:12  Оған былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Мынау — «Өскін» есімді адам. Ол өз орнынан өсіп-өрбіп, Жаратқан Иенің ғибадатханасын тұрғызатын болады.
Zech Kaz 6:13  Иә, Жаратқан Иенің ғибадатханасын тұрғызатын Сол болады! Ол салтанатқа бөленіп, өз тағында отырып билік құрмақ. Ешуа діни қызметкер ретінде патшалық таққа отырған соң, екі лауазымның арасында ынтымақ орнайды.
Zech Kaz 6:14  Ал тәж Хелдай, Тобиях, Едаях және Софония ұлы Хеннің қамқорлығына тапсырылып, ғибадатханада естелік белгі ретінде сақталады.
Zech Kaz 6:15  Алыста тұратын халықтар келіп, Жаратқан Иенің ғибадатханасын салуға көмектесетін болады. Сонда мені өздеріңе жіберген Әлемнің Иесі екенін анық білетін боласыңдар. Егер Құдай Иелеріңнің айтқандарына бұлжытпай құлақ ассаңдар, осының бәрі жүзеге асады.