ZECHARIAH
Chapter 2
Zech | Kaz | 2:2 | Мен одан:— Қайда бара жатырсыз? — деп сұрадым. Ол:— Иерусалимнің ені мен ұзындығын білу үшін оны өлшеуге бара жатырмын, — деп жауап берді. | |
Zech | Kaz | 2:3 | Менімен сөйлескен періште сол кезде алға қарай беттеді. Сонда басқа бір періште оған қарсы кездесті. | |
Zech | Kaz | 2:4 | Бұл оған былай деді:— Ана жас жігітке тездетіп барып мынаны айт: Иерусалим малы мен адамы көп болғандықтан қамал қабырғасы жоқ, ашық қала сияқты болады! | |
Zech | Kaz | 2:5 | «Мен Өзім әрі қаланың айналасындағы жалындаған отты қабырғасы, әрі оның ішіндегі нұрлы салтанаты іспетті боламын», — деп уәде береді Жаратқан Ие. | |
Zech | Kaz | 2:6 | «Уа, халайық, дайындалып, жолға шығыңдар! Солтүстіктегі елден қашып кетіңдер! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Себебі Мен сендерді дүниенің шартарабына шашыратып жіберген едім. | |
Zech | Kaz | 2:8 | Себебі бір даңқты кезеңнен кейін Әлемнің Иесі мені өздеріңді тонаған халықтарға жіберіп, мынаны айтты: «Кім сендерге тиіссе, соның Менің көзімнің қарашығына тиіскені! | |
Zech | Kaz | 2:9 | Мен таяуда оларға қарсы қолымды созбақпын. Сонда оларды өз құлдары тонайтын болады». — Сол кезде сендер Әлемнің Иесінің мені жібергенін анық білетін боласыңдар. | |
Zech | Kaz | 2:10 | «Қуана ән салып шаттаныңдар, уа, Иерусалимнің халқы! Мен сендердің араларыңда тұруға келе жатырмын! — деп уәде етеді Жаратқан Ие. — | |
Zech | Kaz | 2:11 | Сол күні көптеген ұлттар Менімен тығыз байланысқа түсіп, Менің халқым болады. Мен сендердің араларыңда тұрамын». — Сол кезде сендер мені өздеріңе жіберген Әлемнің Иесі екенін анық білетін боласыңдар. | |
Zech | Kaz | 2:12 | Жаратқан Ие Яһуданы Өзіне бағышталған қасиетті еліндегі айрықша үлесі ретінде қабылдап, Иерусалимді (өз қаласы болуға) қайтадан таңдап алады. | |