ZECHARIAH
Chapter 11
Zech | Kaz | 11:2 | Уа, қарағай ағаштары, зар жылаңдар, себебі самырсындар құлап, айбынды ағаштар қирап қалды. Уа, Башан елінің емендері, зар жылаңдар, себебі Ливанның қалың орманы күйреді. | |
Zech | Kaz | 11:3 | Шопандардың беу-беулеп жоқтаған дауыстарына құлақ түрші: Олардың мақтан тұтқан жайылымдары жойылды. Ақырып жүрген жас арыстандарға құлақ тікші! Себебі олардың Иордан өзенінің жағасындағы мекені — ну қамыс құртылды. | |
Zech | Kaz | 11:5 | Оларды сатып алып кеткендер қырып салып, жазасыз қала береді. Ал оларды сатып жібергендер: Жаратқан Иеге шүкірлік, байып алдық! — дейді. Тіпті бақташылардың өздері баққан малын аямайды. | |
Zech | Kaz | 11:6 | Мен енді елдің тұрғындарына аяушылық көрсетпеймін! — деп жариялайды Жаратқан Ие. — Оларды бір-бірінің әрі патшаларының қолдарына түсіремін. Солар елді ойрандаса да, Мен ешкімді олардың шеңгелінен құтқарып алмаймын!» | |
Zech | Kaz | 11:7 | Осылай мен сойылуға белгіленген бір отар қойды бақтым. Олар езіліп, тапталғандар еді. Екі таяқ алып, бірін «Рақым», екіншісін «Бірлік» деп атап, отарды жайдым. | |
Zech | Kaz | 11:8 | Бір айдың ішінде-ақ үш зұлым бақташыны жоқ қылдым. Ал отар мені жек көріп, мен де олардан әбден мезі болдым. | |
Zech | Kaz | 11:9 | Сонда: «Бұдан былай мен сендердің бақташыларың болмаймын. Өлетіндерің өліп, құритындарың құрыңдар! Ал қалғандарың бір-біріңді жалмай беріңдер», — дедім. | |
Zech | Kaz | 11:10 | Өзімнің «Рақым» атты таяғымды алып, оны сындырдым. Осылай мен барлық басқа халықтармен жасаған келісімімді жойғанымды көрсеттім. | |
Zech | Kaz | 11:11 | Сөйтіп келісім сол күні жойылды. Ал отардың езіліп, тапталған қойлары мені бақылап тұрып, бұл сөздің Жаратқан Иеден келгенін ұқты. | |
Zech | Kaz | 11:12 | Содан соң мен: «Егер құп көрсеңдер, менің ақымды беріңдер, құп көрмесеңдер, мейлі, төлемей-ақ қойыңдар!» — дедім. Олар маған отыз мысқал күмісті таразыға тартып өлшеп берді. | |
Zech | Kaz | 11:13 | Жаратқан Ие маған мынаны айтты: «Мен үшін белгіленген «керемет жоғары» бағаны алып, құмырашыға қарай лақтырып таста!» — Сонда мен отыз мысқал күмісті Жаратқан Иенің киелі үйінде құмырашыға қарай лақтырып тастадым. | |
Zech | Kaz | 11:14 | Осыдан кейін «Бірлік» дейтін екінші таяғымды сындырып, Яһуда мен Солтүстік Исраил елдерінің арасындағы ағайындық байланысты жойдым. | |
Zech | Kaz | 11:15 | Жаратқан Ие маған тағы да тіл қатып былай деді: «Бақташының құрал-саймандарын өзіңе ал да, жаман бақташыдай әрекет жаса. | |
Zech | Kaz | 11:16 | Себебі Мен елде сондай бақташыны шығарамын. Ол отардың ішіндегі құрып бара жатқандарының қамын да ойламайды, адасып кеткен төлдерін де іздемейді, ауырған қойларын да емдемейді, сауларын да күтпейді. Керісінше, ол семіздерінің етін жалмап, тіпті тұяқтарына дейін шағып жеп тауысады. | |