HOSEA
Chapter 6
Hose | Kaz | 6:1 | Азапталған күйлерінде олар Маған бет бұрып, өзара былай десетін болады: «Келіңдер, Жаратқан Иеге қайтадан мойынсұнайық! Ол бізді жарып, жарақаттап еді, енді жарамызды жазады. Ол бізді соққан еді, енді сол жерімізді таңады. | |
Hose | Kaz | 6:2 | Екі күннен кейін Ол бізге жан бітіріп, үшінші күні қайта тұрғызады. Сонда біз Оның көз алдында өмір сүретін боламыз. | |
Hose | Kaz | 6:3 | Ендеше Жаратқан Иені мойындап, Оны жақыннан танып білуге жан сала ұмтылайық! Ертеңгісін таң атпай қоймайтынындай, Жаратқан Иенің келуі де сондай шүбәсіз. Ол бізге игілікті нөсердей, жерді суға қандыратын көктемгі жаңбырдай сөзсіз келетін болады». | |
Hose | Kaz | 6:4 | «Уа, Ефрем халқы, саған не істесем екен? Ал саған ше, Яһуда елі? Сендердің сенімді болуларың әрі кеткенде таңғы бұлт іспетті. Я болмаса, таң ата салысымен буға айналып кететін шық сияқты. | |
Hose | Kaz | 6:5 | Сондықтан өз пайғамбарларым арқылы сендерді кескіленуге бұйырып, аузымнан шыққан сөздеріммен өлтірілуге соттадым. Шығарған үкімім атқан таңдай айқын болады. | |
Hose | Kaz | 6:6 | Мен өздеріңнен құрбандық шалғандарыңнан гөрі берік мейірімділік көрсеткендеріңді қалаймын, құрбандықтардың етін өртеп ұсынғандарыңнан гөрі Мені, Құдайды, жақыннан танып сүйгендеріңді ұнатамын. | |
Hose | Kaz | 6:9 | Жолаушы адамды аңдып жататын қарақшылар сияқты, діни қызметкерлер бір тобыр болып Сихемге баратын жолда кісі өлтіріп, жексұрын қиянат жасады. | |
Hose | Kaz | 6:10 | Исраил елінде жан түршіктіретін сұмдықты көрдім: Ефремнің халқы азғындыққа салынып, Исраил елі арамданып кеткен екен! | |