Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
MICAH
1 2 3 4 5 6 7
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 1
Mica Kaz 1:1  Яһуда еліне Жотам, Ахаз және Езекияның патшалық құрған замандарында Жаратқан Ие морешеттік Михаға сөзін арнады. Көрген аяндарында Михаға ашылған хабарлар Самария мен Иерусалим туралы болды.
Mica Kaz 1:2  «Уа, күллі халықтар, тыңдаңдар! Уа, жер мен онда тұратындардың барлығы, құлақ түріңдер! Жаратушы Тәңір Ие сендерге қарсы куәлік келтіреді. Ол Өзінің (көктегі) киелі үйінен сендерді әшкерелеп, айыптайды».
Mica Kaz 1:3  «Қараңдар! Жаратқан Ие Өзінің көктегі тұрағынан шығып, төмен түсіп келіп, жердің биіктеу орындарын басып таптайды.
Mica Kaz 1:4  Сонда таулар Оның табанының астында отқа еріген балауыздай балқып, аңғарлар қақ айырылады. Жартастар су іспетті тау баурайынан ылдилап ағып жатады.
Mica Kaz 1:5  Бұның барлығы Жақыптың ұрпақтарының бас көтерулеріне әрі Исраил халқының жасаған күнәларына бола осылай болып отыр. Ал Жақыптың ұрпақтарының бас көтеруі қай жерден басталды? Ол Самария қаласынан басталды емес пе?! Сондай-ақ, Яһуданың жалған тәңірлерге табынатын биіктеу орны дегеніміз не? Сол Иерусалим емес пе?!»
Mica Kaz 1:6  (Жаратқан Ие мынаны айтады:) «Сондықтан Мен Самария қаласын даладағы қираған үйіндіге, жүзімдік отырғызатын қаңыраған бос жерге айналдырамын! Оның қамалының тастарын сайға қарай домалатып құлатамын, іргетастарын жалаңаштап ашып тастаймын.
Mica Kaz 1:7  Самарияның барлық тәңірлерінің мүсіндері қиратылып, соларға бағышталған сыйларының бәрі отқа өртеліп, ондағы алтын-күміс балқытылады. Осылай Мен оның бүкіл тәңірсымақтарын құртамын. Қала осы алтын-күмісін жезөкшеліктің ақысы ретінде жинағандықтан, олары (басқа жаққа әкетіліп) қайтадан жезөкшелік үшін төлем ретінде пайдаланылатын болады».
Mica Kaz 1:8  (Миха былай деді:) «Сол себепті мен Самарияны жоқтап жылаймын, жалаң аяқ та жалаңаш жүретін боламын. Шибөрідей ұлып, жапалақтай қайғылы дыбыс шығарамын.
Mica Kaz 1:9  Өйткені Самарияның жарасы жазылмайтындай ауыр, ол Яһудаға да жетті. Осы пәле халқымның қақпасына, тіпті Иерусалим қаласына да жетіп қалды.
Mica Kaz 1:10  (Філістір еліндегі) Ғат қаласында мұны хабарламаңдар, еш жылап-сықтамаңдар! Бет-Офраның халқы, қайғырып топыраққа аунаңдар!
Mica Kaz 1:11  Шафирдің тұрғындары, жалаңаштанып масқара болып, жер аударылып кетіңдер! (Яһудадағы) Сананда тұратындар қорқып далаға шықпайды. Бет-Еселдегілер: «Оның қорғауы сендерден алынып қойылды-ау!» — деп жоқтау айтады.
Mica Kaz 1:12  Мароттың тұрғындары құтқарылуды тағатсыздана тосуда. Ал Жаратқан Ие апат жіберіп, ол тіпті Иерусалимнің қақпаларына жетіп қалды.
Mica Kaz 1:13  Уа, Лахыштың тұрғындары, күймелеріңе аттарыңды жегіп, қашыңдар! Сион қаласының күнәға батуы сендердің кесірлеріңнен болды. Өйткені Солтүстік Исраилдің күнәсі (яғни жалған тәңірлерге табынушылығы) сендер арқылы тарады.
Mica Kaz 1:14  Ал енді Морешет-Ғат қалашығына соңғы сый-тартуларыңды беріңдер! Ахзиб қаласы да Исраилдің патшаларының үміттерін ақтамай, қиратылып жоқ болады.
Mica Kaz 1:15  Марешада тұратындар, мен тағы да сендерге қарсы жаулап алушыны жіберемін! Содан Исраилдің атақтылары Адулламға қашып барып, (ондағы үңгірлерде бас сауғалайды).
Mica Kaz 1:16  Өздеріңе сондай сүйікті балаларыңды аза тұтып, шаштарыңды тақырлап алып тастаңдар! Бастарыңды тазқараның басындай қылып тақырлаңдар! Өйткені балаларың жер аударылып айдалып әкетіледі».