Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
SONG OF SOLOMON
1 2 3 4 5 6 7 8
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 3
Song Kaz 3:1  (Қалыңдық:)Түні бойы мен төсек-орнымнанҒашығымды тосып, таба алмағам.
Song Kaz 3:2  Кәне, мен тұрып, аралайынҚаланың көше, алаңдарын!Бірақ таба алмадым сандалғанмен,Көп іздеп бекер жүрдім мен.
Song Kaz 3:3  Қарауылдар маған тап болды,Аралап жүрді олар қаланы.«Көрдіңіздер ме жан досымды?»Деп сұрап іздедім сүйген жарымды.
Song Kaz 3:4  Мезгілде қастарынан сәл-ақ өткенКездестірдім жарымды жаным сүйген!Оны ұстап алып жібермедім,Анашымның үйіне алып келдім,Өз шешемнің бөлмесіне кіргіздім.
Song Kaz 3:5  Иерусалим қыздары, сендерге жалынамын,Елік пен бұғының аттарын атаймын:Махаббатты қоздырып оятпаңдар, жетілсінӨзіне ұнаған дәл мезгіліне дейін!(Құрбылары:)
Song Kaz 3:6  Даладан өрлеп келе жатқан бұл кім екен,Түтін бағанындай, мүрдей жұпар затпенен,Саудагердің алуан дәмдеуіш ұнтақтарымен?(Құрбылары:)
Song Kaz 3:7  Мұнда қара, өз күймесінде СүлейменКеле жатыр алпыс мықты жігітімен,Исраилдің таңдаулы ерлерімен!
Song Kaz 3:8  Семсері белінде асынған бәрінің,Шайқаста көрсеткен өз ерліктерін,Бұл жігіттер түнгі қауіп-қатерге дайын.
Song Kaz 3:9  Құнды ағашынан Ливан тау-төбесініңЖасатыпты Сүлеймен патша өз күймесін,
Song Kaz 3:10  Оның бағандарын күміспен жалатқан,Һәм оның негізін алтыннан жасатқан,Отырғышын қырмызы матамен қаптатқан.Күйменің ішін Иерусалимнің қыздарыБар ықыласпен безендіріп дайындады.(Қалыңдық:)
Song Kaz 3:11  Уа, сиондық қыздар, шығыңдар, кәне,Қараңдар Сүлеймен патшаның тәжіне:Оған анасы кигізген тәжінеОның неке қиған осы күнінде,Жүрегі шаттыққа кенелген кезінде!