SONG OF SOLOMON
Chapter 4
Song | Kaz | 4:1 | (Күйеу жігіт:)Неткен сұлу едің, сүйіктім менің!Қандай көріктісің, қымбаттым, өзің!Бет пердеңнің артындағы бота көзіңТартымды-ау көзіндей көгершіннің!Ғилақад тау беткейімен түсіп келгенЕшкі отарындай шашың төгілген. | |
Song | Kaz | 4:2 | Тістерің отарындай саулықтардың,Жаңа қырқып, таза жуып шығарған,Кемістік табылмас араларынан,Бәрі де бір-біріне дәл қиысқан. | |
Song | Kaz | 4:3 | Ал қызыл жіп секілді еріндерің,Қандай сұлу еді ауызың сенің!Бет пердеңмен жабылған самайларыңҚос бөлігі іспетті қызғылт анардың. | |
Song | Kaz | 4:4 | Мойның сенің сымбатты Дәуіт патшаныңСәулетті салынған мұнарасындай, соныңҚабырғалары әсем әшекейленгенДәуіттің мың батырының қалқандарымен. | |
Song | Kaz | 4:6 | Таң атып, көлеңке қысқара түскенше,Мүр шайыры бар тауға көтерілейінші,Жұпар шайыр төбесінде жүрейінші! | |
Song | Kaz | 4:8 | Ливан тауынан менімен бірге келгін,Амана шыңынан, қалыңдығым менің,Заңғар бастарынан Хермон, Сенірдің,Арыстан тыншып жатқан үңгірлерінен,Барыс білдіртпей жүрген төбелерінен. | |
Song | Kaz | 4:9 | Жүрегімді тартып алдың, қарындасым,Бір-ақ көзқарасыңмен, уа, қалыңдығым,Бір ғана асыл тасымен алқаңның! | |
Song | Kaz | 4:10 | Қандай тәтті сенің махаббатың,Уа, қымбаттым, сүйген қалыңдығым!Ол шараптан әлдеқайда артық екен,Хош иісің сенің артық дәмдеуіштен. | |
Song | Kaz | 4:11 | Қалыңдығым, балдай тәтті еріндерің,Бал мен сүттей тәтті асты тіліңнің!Хош иісі киімдеріңнің сеніңЖұпарындай Ливандағы самырсынның. | |
Song | Kaz | 4:12 | Уа, қымбаттым, сен жабық бақшадайсың,Қалыңдығым, қоршалған бұлақтайсың,Мөрленіп бекітілген қайнардайсың. | |
Song | Kaz | 4:14 | Нард пен запыран, шайыр мен дәмқабықтың,Хош иісті таңдаулы ағаштардың,Мүр мен алоэдей дәмдеуіштердіңЖұпары аңқып тұр бақшаңнан сенің. | |