SONG OF SOLOMON
Chapter 6
Song | Kaz | 6:1 | (Құрбылар:)Уа, ең сұлуы бар әйелдердің,Қай жаққа кетті сүйіктің сенің?Оны өзіңмен бірге іздейік,Ол қайда кеткен, соны білейік?!(Жас келін:) | |
Song | Kaz | 6:2 | Сүйгенім түсті бақшасына өзінің,Жүйектеріне жұпар шөптерінің,Бау-бақшада серуендеп жүру үшін,Жинамаққа өскен лалагүлдерін. | |
Song | Kaz | 6:3 | Мен өз сүйіктімдікімін лайым,Ал сүйіктім де менікі әрдайым,Серуендеп жүр арасында лалагүлдің.(Күйеу:) | |
Song | Kaz | 6:4 | Сүйгенім, сен Тирсадай әдемісің,Иерусалим де іспетті көріктісің,Ту көтерген әскердей сес көрсетесің. | |
Song | Kaz | 6:5 | Менен бұрып әкетші көздеріңді,Толқытып жібереді олар мені.Ғилақад тау беткейімен түсіп келгенЕшкі отарындай шашың төгілген. | |
Song | Kaz | 6:9 | Ал көгершінім, мінсізім, айрықша өзі,Ол — шешесінің теңдесі жоқ жалғыз қызы,Өзін туған анасының таңдаулысы!Қыздар оны көргенде мадақтады,Патшайымдар, кәнизактар да мақтады.(Құрбылары:) | |
Song | Kaz | 6:10 | Бұл кім екен, айдай сұлу, таңдай атқан,Күндей нұрын шашып, ту көтеріп тұрғанӘскерге ұқсап сес көрсетіп жатқан?(Жас келін:) | |
Song | Kaz | 6:11 | Жаңғақ ағашының тоғайына бардым,Аңғардың көгорай шалғынын қарадым.Жүзім бұталары бүршік жарды ма,Анар ағаштары гүлдей бастады ма,Соны біліп келуге шықтым далаға. | |