Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
SONG OF SOLOMON
1 2 3 4 5 6 7 8
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 6
Song Kaz 6:1  (Құрбылар:)Уа, ең сұлуы бар әйелдердің,Қай жаққа кетті сүйіктің сенің?Оны өзіңмен бірге іздейік,Ол қайда кеткен, соны білейік?!(Жас келін:)
Song Kaz 6:2  Сүйгенім түсті бақшасына өзінің,Жүйектеріне жұпар шөптерінің,Бау-бақшада серуендеп жүру үшін,Жинамаққа өскен лалагүлдерін.
Song Kaz 6:3  Мен өз сүйіктімдікімін лайым,Ал сүйіктім де менікі әрдайым,Серуендеп жүр арасында лалагүлдің.(Күйеу:)
Song Kaz 6:4  Сүйгенім, сен Тирсадай әдемісің,Иерусалим де іспетті көріктісің,Ту көтерген әскердей сес көрсетесің.
Song Kaz 6:5  Менен бұрып әкетші көздеріңді,Толқытып жібереді олар мені.Ғилақад тау беткейімен түсіп келгенЕшкі отарындай шашың төгілген.
Song Kaz 6:6  Тоғытылған қой іспетті тістерің,Жалғыз емес, сыңары бар бәрінің.
Song Kaz 6:7  Бет пердеңмен жабылған самайларыңҚос бөлігі іспетті қызғылт анардың.
Song Kaz 6:8  Алпыс патшайым, сексен кәнизак болсын,Әрі сансыз көп қыздар да жиналсын,
Song Kaz 6:9  Ал көгершінім, мінсізім, айрықша өзі,Ол — шешесінің теңдесі жоқ жалғыз қызы,Өзін туған анасының таңдаулысы!Қыздар оны көргенде мадақтады,Патшайымдар, кәнизактар да мақтады.(Құрбылары:)
Song Kaz 6:10  Бұл кім екен, айдай сұлу, таңдай атқан,Күндей нұрын шашып, ту көтеріп тұрғанӘскерге ұқсап сес көрсетіп жатқан?(Жас келін:)
Song Kaz 6:11  Жаңғақ ағашының тоғайына бардым,Аңғардың көгорай шалғынын қарадым.Жүзім бұталары бүршік жарды ма,Анар ағаштары гүлдей бастады ма,Соны біліп келуге шықтым далаға.
Song Kaz 6:12  Мен соны аңғармай тұрғанда әлі деОтырдым сүйікті патшамның күймесіне.