Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
SONG OF SOLOMON
1 2 3 4 5 6 7 8
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 5
Song Kaz 5:1  (Күйеу:)Міне, мен өз бақшама кіріп алдым,Уа, қымбаттым, менің сүйген жарым!Мүрім мен дәмдеуішімді жинап алдым,Сондай тәтті балымнан ішіп тұрмын,Шарап пен сүтімнің дәмін татып тұрмын.(Құрбылар:)Уа, достарымыз, кәне, ішіп-жеңдер,Уа, ғашықтар, тоя іше беріңдер!(Жас келін:)
Song Kaz 5:2  Ұйықтап жатып, жүрегім сергек еді.Тыңда, сүйіктім қағып тұр есігімді:«Ашсаңшы есікті, қымбаттым менің,Сүйген жарым, кемелді көгершінім!— Деді ол маған, — шықтан су болды басым,Түннің ылғалынан бұйра шашым!»
Song Kaz 5:3  «Шешініп ем, қалай тағы киінем?Аяғымды жудым, қалай кірлетем?»
Song Kaz 5:4  Есік тесігінен қол сұқты сүйіктім,Қатты толқып кетті менің жүрегім.
Song Kaz 5:5  Есікті оған ашуға тұрдым содан,Хош иісті мүр тамды қолдарымнан,Құлып ысырмасына саусақтарымнан.
Song Kaz 5:6  Есікті ашсам, сүйіктім жоқ екен,Кері бұрылып, кетіп қалған екен!Кеткеніне жүрегім лүпіл қаққан,Іздеп шықсам да, таппадым еш жақтан!Шақырсам да, жауап бермеді маған.
Song Kaz 5:7  Қарауылдар қаланы аралап жүрді,Ұстап алып мені, ұра берді.Күзетшілер қамал үстіндегіЖұлып тастады менің бет пердемді.
Song Kaz 5:8  Өтінем, жалынышымды тыңдаңдаршы,Оу, Иерусалим қаласының қыздары:Егер де көрсеңдер сүйген жарымды,Ғашықтықтан талықсыды деп айтыңдаршы!(Құрбылар:)
Song Kaz 5:9  Бұлай деп бізге өтінетініңдей сен,Сүйіктің қай жағынан артық өзгеден?Әйелдердің ең сұлуы, соны айтсаң екен!(Жас келін:)
Song Kaz 5:10  Сүйіктімнің беті нұрлы, албыраған,Ол айрықша он мың адам арасынан.
Song Kaz 5:11  Басы оның саф алтындай, шашы бұйра,Қарға, құзғынға ұқсап қап-қара.
Song Kaz 5:12  Жанарлары бұлақ жағасындағыКөгершіндер сияқты жылтырайды,Оның тістері сүтке шомылғанАсыл тастардай, көмкеріле қойылған.
Song Kaz 5:13  Екі беті оның аңқып жатқанЖұпар иісті шөптер өсіп тұрғанБақшадағы жүйектерге тұр ұқсап.Еріндері сұйық мүр тамшылапЖатқан лалагүлдерге тұр ұқсап.
Song Kaz 5:14  Білектері оның алтыннан жасалған,Асыл тастармен жиек салынғанЖұмыр сойылдарға ұқсап жаратылған.Денесі тегіс піл сүйегіне ұқсайды,Сапфир тастар тәрізді жалтырайды.
Song Kaz 5:15  Аяқтары саф алтын негізгеОрнатылған мәрмәр баған секілді.Тұлғасы оның Ливан тауындай,Таңдаулы самырсын ағаштарындай,
Song Kaz 5:16  Әрі оның ауызы сондай тәтті,Иә, оның өзі түгелдей сымбатты!Осыған ұқсайды сүйіктім, досым менің,Уа, қала қыздары Иерусалимнің!