SONG OF SOLOMON
Chapter 5
Song | Kaz | 5:1 | (Күйеу:)Міне, мен өз бақшама кіріп алдым,Уа, қымбаттым, менің сүйген жарым!Мүрім мен дәмдеуішімді жинап алдым,Сондай тәтті балымнан ішіп тұрмын,Шарап пен сүтімнің дәмін татып тұрмын.(Құрбылар:)Уа, достарымыз, кәне, ішіп-жеңдер,Уа, ғашықтар, тоя іше беріңдер!(Жас келін:) | |
Song | Kaz | 5:2 | Ұйықтап жатып, жүрегім сергек еді.Тыңда, сүйіктім қағып тұр есігімді:«Ашсаңшы есікті, қымбаттым менің,Сүйген жарым, кемелді көгершінім!— Деді ол маған, — шықтан су болды басым,Түннің ылғалынан бұйра шашым!» | |
Song | Kaz | 5:5 | Есікті оған ашуға тұрдым содан,Хош иісті мүр тамды қолдарымнан,Құлып ысырмасына саусақтарымнан. | |
Song | Kaz | 5:6 | Есікті ашсам, сүйіктім жоқ екен,Кері бұрылып, кетіп қалған екен!Кеткеніне жүрегім лүпіл қаққан,Іздеп шықсам да, таппадым еш жақтан!Шақырсам да, жауап бермеді маған. | |
Song | Kaz | 5:7 | Қарауылдар қаланы аралап жүрді,Ұстап алып мені, ұра берді.Күзетшілер қамал үстіндегіЖұлып тастады менің бет пердемді. | |
Song | Kaz | 5:8 | Өтінем, жалынышымды тыңдаңдаршы,Оу, Иерусалим қаласының қыздары:Егер де көрсеңдер сүйген жарымды,Ғашықтықтан талықсыды деп айтыңдаршы!(Құрбылар:) | |
Song | Kaz | 5:9 | Бұлай деп бізге өтінетініңдей сен,Сүйіктің қай жағынан артық өзгеден?Әйелдердің ең сұлуы, соны айтсаң екен!(Жас келін:) | |
Song | Kaz | 5:12 | Жанарлары бұлақ жағасындағыКөгершіндер сияқты жылтырайды,Оның тістері сүтке шомылғанАсыл тастардай, көмкеріле қойылған. | |
Song | Kaz | 5:13 | Екі беті оның аңқып жатқанЖұпар иісті шөптер өсіп тұрғанБақшадағы жүйектерге тұр ұқсап.Еріндері сұйық мүр тамшылапЖатқан лалагүлдерге тұр ұқсап. | |
Song | Kaz | 5:14 | Білектері оның алтыннан жасалған,Асыл тастармен жиек салынғанЖұмыр сойылдарға ұқсап жаратылған.Денесі тегіс піл сүйегіне ұқсайды,Сапфир тастар тәрізді жалтырайды. | |
Song | Kaz | 5:15 | Аяқтары саф алтын негізгеОрнатылған мәрмәр баған секілді.Тұлғасы оның Ливан тауындай,Таңдаулы самырсын ағаштарындай, | |