Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
SONG OF SOLOMON
1 2 3 4 5 6 7 8
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 7
Song Kaz 7:1  (Құрбылары:)Айналшы, шуламдық, дөңгелеп би биле!Саған қарап тұрайық біздер сүйсіне.(Күйеу:)Неге Маханайым биін билегендерАрасындағы бұл шуламдыққа сендерСүйсіне қарауды сонша тілейсіңдер?(Күйеу:)
Song Kaz 7:2  Сандал киген аяғың қандай ажарлы,Уа, ақсүйек әміршінің қызы!Сенің қос саныңның сұлу пішініЗергер қалпын жасаған асыл тас секілді.
Song Kaz 7:3  Кіндігің дәмді шарап құйылған тостағандай,Белің лалагүл қоршап үйілген бидайдай.
Song Kaz 7:4  Қос анарың екі елік тәрізді,Киіктің егіз лағы секілді.
Song Kaz 7:5  Уа, сүйіктім, сенің сымбатты мойныңПіл сүйегінен жасалған мұнарадай,Қос жанарың Бат-Раббим қақпасыныңМаңындағы Хешбон тоғандарындай,Һәм мұрның Дамаскіге қарап тұрғанЛиван тауының әсем мұнарасындай.
Song Kaz 7:6  Басың Қармил тауындай көтеріңкі,Төгілген шашың сенің сондай көрікті,Бұйраларың патшаны баурап әкетеді!
Song Kaz 7:7  Қандай сұлусың, қандай сүйкімдісің,Сенен ләззат табам, сүйіктім менің!
Song Kaz 7:8  Сен құрма ағашындай әдемісің,Қос анарың шоғындай жемістердің.
Song Kaz 7:9  Құрма ағашына өрмелеп шығайын,Жемістері бар сабақтарын ұстайын,Қос анарың болсын жүзім шоқтарындай,Деміңнің иісі алма жұпарындай,
Song Kaz 7:10  Әрі ауызың таңдаулы шараптай!(Жас келін:)Сусын сүйіктіме тікелей төгілсін,Ерін мен тіс арқылы ағатын болсын.
Song Kaz 7:11  Мен өзіме ынтық сүйіктімдікімін.
Song Kaz 7:12  Жүрші, сүйіктім, далаға барайық,Кәне, ауылдарда түнеп шығайық.
Song Kaz 7:13  Ерте тұрып, жүзімдіктерге барайық,Жүзім бұталары бүршік жарды ма,Олардың гүлдері ашылып қойды ма,Анар ағаштары да гүлдеп тұр ма?Соны көру үшін серуендейік бақтарда,Махаббатымды сыйлаймын саған сонда.
Song Kaz 7:14  Махаббат жемісінің жұпары аңқуда.Алуан түрлі керемет тағамдарБіздің есігіміздің қасында бар:Уа, сүйіктім, бұрынғы мен жаңалар,Менен сен үшін сақтап қойылғандар.