Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
I CORINTHIANS
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 5
I Co Kaz 5:1  Араларыңда азғындық — тіпті басқа ұлттардың адамдары жасамайтын азғындық бар деген шүбәсіз хабар маған да жетті: араларыңдағы біреуің әкесінің жұбайымен көңілдес екен.
I Co Kaz 5:2  Ал сендер көкіректеріңді көтересіңдер! Оның орнына қайғыланып, осындай қылықты жасағанды орталарыңнан шығарып тастағандарың дұрыс болар еді!
I Co Kaz 5:3  Тәнім алыста болғанмен, рухыммен орталарыңдамын. Сондықтан мен араларыңда жүргендей, осыны істеген күнәкарға үкім шығарып қойдым:
I Co Kaz 5:4  сендер Иеміз Иса Мәсіхтің атынан жиналыңдар, мен де рухыммен орталарыңда боламын. Сонда Иеміз Исаның билігімен
I Co Kaz 5:5  әлгі адамды ескі күнәкар болмысын әлсірету үшін қауымнан шығарып, шайтанның қолына тапсырыңдар. Осылай ол теріс жолынан қайтып, жаны Иеміз қайта оралатын күні құтқарылсын.
I Co Kaz 5:6  Мақтанғандарың еш дұрыс емес. «Азғана ашытқы бүкіл қамырды ашытады» дегенді білмейсіңдер ме?
I Co Kaz 5:7  «Ескі ашытқыдай» (күнә атаулыны) араларыңнан шығарып тастаңдар! Сонда «жаңа қамырдай» рухани таза боласыңдар. Өйткені Құтқарылу мейрамына құрбандыққа шалынған тоқтылар іспетті, Мәсіх біздер үшін өмірін құрбан етті. Сол арқылы сендер жаңа, пәк таза адам болдыңдар.
I Co Kaz 5:8  Сондықтан да бұрынғы зұлым да сұрқия әдеттеріміздің «ескі ашытқысынан» арылып, қасиетті өмір кешіп, адалдық пен ақиқаттың «тәтті нанының» дәмін татып, тойлайық!
I Co Kaz 5:9  Өткендегі хатымда сендерге «Азғындармен араласпаңдар!» деп жазған болатынмын.
I Co Kaz 5:10  Онда мен осы дүниелік азғын, дүниеқоңыз, қарақшы немесе жалған тәңірлерге құлшылық етуші адамдарды ойлаған жоқпын. Әйтпесе бұ дүниеден түгелдей безіп кетуге тиіс болар едіңдер ғой.
I Co Kaz 5:11  Алайда өзін сенімдегі бауырласпын деп атағанмен, азғын, дүниеқоңыз, жалған тәңірлерге құлшылық етуші, өсекші, маскүнем немесе алаяқ болып жүрген ешкіммен де араласпауларың керек. Мұндайлармен тіпті дастарқандас та болмаңдар.
I Co Kaz 5:12  Қауымнан сырт адамдарды соттау біздің шаруамыз ба? Неге ішіндегілердің күнәларын тергемейсіңдер?
I Co Kaz 5:13  Сыртта жүргендердің үкімін Құдай шығарады. Ал өздерің «зұлымдық жасайтынды араларыңнан аластатыңдар!»