Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
I CORINTHIANS
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 3
I Co Kaz 3:1  Бауырластарым, осы себептен өздеріңе Киелі Рухқа мойынсұнушылар ретінде айта алмай, ескі күнәкар болмыстарына сүйенетіндер — Мәсіхтің сеніміндегі «сәбилер» ретінде айтуға мәжбүр болдым.
I Co Kaz 3:2  Сәбиді сүтпен қоректендіретіндей, сендерге Ізгі хабардың ең негізгі ілімдерін үйретуіме тура келді. Өйткені «қою тамақты» жей алмадыңдар, қазірдің өзінде де жей алмайсыңдар.
I Co Kaz 3:3  Себебі әлі де ескі күнәкар болмыстарыңа сүйенесіңдер: араларыңда қызғаныш пен таластың болуы сендердің ескі болмыстарыңа сүйеніп, өз еріктеріңмен жүретіндіктеріңнің дәлелі емес пе?
I Co Kaz 3:4  Біреуің: «мен Пауылдың адамымын», басқа біреуің: «ал мен Аполлостікімін», — дегенде, бұларың күнәкар дүниенің адамдарындай болғандарың ғой!
I Co Kaz 3:5  Аполлос негізінде кім? Пауыл да кім? Екеуіміз небәрі сендерді сенім жолына түсірген Құдайдың қызметшілеріміз, әрқайсымыздың Иеміз белгілеген міндетіміз бар.
I Co Kaz 3:6  Мен жүректеріңе сенімнің «тұқымын ектім», ал Аполлос көбірек тәлім беріп «суғарды». Бірақ оны өсірген біз емес, Құдай.
I Co Kaz 3:7  Сондықтан сенімдеріңді «еккен» де емес, «суғарған» да емес, оны өсіріп отырған Құдай мадақталсын!
I Co Kaz 3:8  Егуші мен суғарушы екеуіміздің мақсатымыз бірдей, әрқайсымыз да еткен еңбегімізге қарай Тәңір Иемізден лайықты сыйымызды алатын боламыз.
I Co Kaz 3:9  Сонымен біз Құдаймен бірге еңбектенушіміз, ал сендер Оның «егістігісіңдер».Сондай-ақ, сендер Құдайдың «құрылысысыңдар».
I Co Kaz 3:10  Оның рақыммен өзіме сыйлаған елшілік қызметім бойынша мен үйдің іргетасын салатын данышпан «шебер құрылысшы» іспетті, қауымның негізін қаладым. Ал қазір басқа біреулер соның үстіне қаластыруда. Бірақ әрқайсысы әрі қарай қалай салу керек екенін мұқият қарауы керек.
I Co Kaz 3:11  Себебі Құдай өз қауымының бірден-бір «негізі» ретінде Иса Мәсіхті белгілеп қойған, сондықтан ешқандай басқа негізді салуға болмайды.
I Co Kaz 3:12  Ал осы «негіздің» үстіне қауымды әрі қарай дамыту үшін адамдар алуан түрлі әдістер қолдануда: бұлар алтын, күміс, асыл тастар секілді төзімді немесе ағаш, шөп, сабан сияқты осал болулары мүмкін.
I Co Kaz 3:13  Әр құрылысшының істеген жұмысының сапасы Мәсіх үкім шығаратын күні айқындалады. Сол күні әркімнің еңбегін от сынап, шынайы сапасын әшкерелейді.
I Co Kaz 3:14  Кімнің салғаны отқа өртенбей аман қалса, сол сыйын алады.
I Co Kaz 3:15  Ал кімдікі өртеніп кетсе, сол сыйынан құр қалады. Өзі құтқарылса да, жаны оттан өткендей әзер дегенде құтылады.
I Co Kaz 3:16  Сендер өздеріңнің «Құдайдың киелі үйі» екендіктеріңді және Құдайдың Рухы өздеріңде тұратынын білмейсіңдер ме?
I Co Kaz 3:17  «Өзінің киелі үйін» жойғанды Құдай жоймақ. Себебі Құдайдың «киелі үйі» — Оның қасиетті меншігі. Ал осы «киелі үй» — сендерсіңдер!
I Co Kaz 3:18  Ешкім өзін-өзі алдамасын! Араларыңдағы қайсыбіреуің данамын деп ойласа, ол күнәкар дүниенің пікірінше «ақымақ» болып Мәсіхтің ілімін ұстансын; сонда ол Құдайдың даналығына ие бола алады!
I Co Kaz 3:19  Өйткені осы күнәкар дүние нені даналық деп есептесе, сол — Құдай алдында ақымақтық. Киелі жазбада «Тәңір Ие данышпан делінгендерді қулықтарынан ұстап алады», — деп жазылған ғой.
I Co Kaz 3:20  Жаратқан Ие данышпан делінгендердің «ойларының бекерлігін біледі де!» — деп те жазылған.
I Co Kaz 3:21  Сондықтан ешкім адамның жетістіктерімен мақтанбасын! Бәрі де сендерге игілік көрсетуге қатысады:
I Co Kaz 3:22  Пауыл, Аполлос немесе Петір болайық, сонымен қатар бүкіл дүние, өмір не өлім, қазіргі мен болашақ нәрселер түгелдей қауымның пайдасы үшін болуға тиісті.
I Co Kaz 3:23  Ал сендер Мәсіхтің меншігісіңдер және Мәсіх — Құдайдікі.