Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
I CORINTHIANS
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 13
I Co Kaz 13:1  Мен адамдардың түрлі тілдеріндеЖәне періштелердің тілдеріндеЖатық та мүдірмей сөйлей білсем де,Бірақ егер сүйіспеншілігім болмаса,Сөздерім сыңғырлаған қоңырауғаӘрі шылдырлаған асатаяққаҰқсап мәнсіз боп қалады сонда.
I Co Kaz 13:2  Мен Құдайдың хабарларын жеткізсем,Күллі құпия-сырларды да білсем,Әр түрлі білімді иемденсем,Тау қозғайтындай сенімге кенелсем,Бірақ егер сүйіспеншілігім болмаса,Түкке де тұрмаймын мен онда.
I Co Kaz 13:3  Егер үлестірсем бар байлығымдыБейшара жарлы-жақыбайларға,Тіпті құрбан қылсам да жанымды,Тәнімді қисам отқа жағуға,Бірақ егер сүйіспеншілігім болмаса,Маған келер пайда жоқ бұдан да.
I Co Kaz 13:4  Сүйіспеншілік шыдамды да қайырымды,Еш қызғанбайды, мақтанбайды, паңданбайды,
I Co Kaz 13:5  Әдепсіз, өзімшіл, ашушаң да болмайды,Ол көрген жәбірін есінде сақтамайды,
I Co Kaz 13:6  Әділетсіздікті еш құптамайды,Қайта, ол ақиқатқа сүйсінеді,
I Co Kaz 13:7  Дәйім қорған болып, ұдайы сенеді,Үмітін еш үзбей, бәріне шыдайды.
I Co Kaz 13:8  Сүйіспеншілік ешқашан сарқылмайды.Құдайдың хабарын жеткізу тоқталар,Бөтен тілдерде сөйлеу де сарқылар,Білім дарыны да кейін доғарылар.
I Co Kaz 13:9  Себебі біздің біліміміз жетіспейді,Құдайдың хабарын жеткізуіміз шектеулі,
I Co Kaz 13:10  Алайда жетілгендік келген кездеШектеулінің барлығы да бітеді.
I Co Kaz 13:11  Бала кезімде балаша сөйлейтінмін,Балаша ойлап, балаша пайымдадым.Бірақ та ержеткеннен кейін менҚол үздім балалық қасиеттерден.
I Co Kaz 13:12  Сол сияқты, біздің қазір көргенімізАйнадағы көмескі бейне іспетті,Ал болашақта бетпе-бет анық көреміз.Қазіргі білетінім тек қана шектеулі,Ал Құдайдың мені толық білетіні секілді,Бәрін де толықтай білемін сол кезде.
I Co Kaz 13:13  Сонымен сенім, үміт, сүйіспеншілік:Осы үшеуі әрқашан да қалады.Ал солардың ішінде сүйіспеншілікМәңгі бақи ең бастысы болады.