Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
I CORINTHIANS
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 11
I Co Kaz 11:1  Менің Мәсіхтен үлгі алғанымдай, сендер де менен үлгі алыңдар!
I Co Kaz 11:2  Ұдайы мені ойлап, өздеріңе тапсырған ілімдерді дәл сол күйінде ұстанып жүргендерің үшін сендерді мақтаймын.
I Co Kaz 11:3  Енді мынаны да білулеріңді қалаймын: әрбір еркектің басы — Мәсіх, әйелдің басы — күйеуі, ал Мәсіхтің басы — Құдай.
I Co Kaz 11:4  Солай болғандықтан, ер адам Құдайға сиынған немесе Оның хабарын жеткізген кезде басын жапса, өз басын (яғни Мәсіхті) құрметтемегені.
I Co Kaz 11:5  Ал Құдайға сиынған немесе Оның хабарын жеткізген кезінде жалаң бас тұрған әйел өз басын (яғни күйеуін) құрметтемегені. Бұл, шашын тақырлап алып тастағанымен бірдей.
I Co Kaz 11:6  Себебі бір әйел басын жапқысы келмесе, онда неге шашын қиып тастамасқа? Ал егер әйелдің шашын қиып немесе басын тақырлап тастағаны ұят болса, онда ол басын жапсын.
I Co Kaz 11:7  Сонымен ер адам басын жаппау керек: ол Құдайға рухани жағынан ұқсас жаратылып, Оның ұлылығын бейнелейді. Әйел болса, күйеуінің ұлылығын бейнелейді.
I Co Kaz 11:8  Себебі еркек әйелден емес, қайта, алғашқы әйел еркектің сүйегінен жасалды.
I Co Kaz 11:9  Сондай-ақ еркек әйелге бола емес, әйел еркекке бола жаратылды.
I Co Kaz 11:10  Сондықтан әйел өкілеттігінің белгісі ретінде басын жауып, періштелер назар аударатын тәртіпті сақтауы керек.
I Co Kaz 11:11  Дегенмен Иемізбен байланысымызда әйел еркектен, еркек әйелден тәуелсіз емес.
I Co Kaz 11:12  Алғашқы әйел еркектің сүйегінен жаратылса да, еркек әйелден туады, ал екеуін де жаратқан — Құдай.
I Co Kaz 11:13  Өздерің пайымдап, ақылға салыңдаршы: әйелдің басын жаппай Құдайға сиынуы әдепке жата ма?
I Co Kaz 11:14  Табиғи түйсіктеріңнің өзі сендерді ұзын шаш еркек үшін ұят екенін үйретпей ме?
I Co Kaz 11:15  Ал әйел үшін шашын өсіру оның мақтанышы емес пе? Ұзын шашы әйелге басын жабатын жамылғы ретінде берілген.
I Co Kaz 11:16  Егер де біреу бұл туралы айтысқысы келсе, бізде де, Құдайдың өзге қауымдарында да мұндай салт жоқ.
I Co Kaz 11:17  Төмендегі нұсқауларымда сендерді мақтай алмаймын, себебі жиындарыңның пайдасынан гөрі зияны көп.
I Co Kaz 11:18  Біріншіден, араларыңда жікке бөлінудің бар екені туралы хабар алдым, бұның ішінара болса да рас екеніне сенемін!
I Co Kaz 11:19  Ал сендердің қайсыларыңның сенімді екендіктеріңді анықтау үшін пікір алалығы да қажет.
I Co Kaz 11:20  Алайда сендер жиналған кезде шын мәнінде Иеміздің асын жемейді екенсіңдер.
I Co Kaz 11:21  Әркім өзінің тамағын басқалардан бұрын ішуге асығып, қайсыбіреу аш қалып, басқасы мас болады екен.
I Co Kaz 11:22  Ішіп-жеуге өз үйлерің бар емес пе? Немесе Құдайдың қауымын менсінбей, түгі жоқтарды ұятқа қалдырғыларың келе ме? Енді сендерге не десем екен? Осы үшін мақтайын ба? Әрине, мақтамаймын!
I Co Kaz 11:23  Мынаны мен Иеміздің Өзінен қабылдап, сендерге де айтып тапсырдым: Иеміз Иса ұсталып берілер түні нанды алып,
I Co Kaz 11:24  шүкірлік етті де, үзіп беріп, былай деді: «Бұл — сендер үшін құрбан болмақ денем. Мені естеріңе түсіру үшін осылай істеңдер!»
I Co Kaz 11:25  Сондай-ақ, кешкі астан кейін тостағанды да алып: «Мына тостаған — төгілмек қаныммен бекітілетін Жаңа келісім. Одан ішкен сайын Мені естеріңе түсіру үшін осылай істеңдер!» — деді.
I Co Kaz 11:26  Сендер осылай нан жеп, тостағаннан ішкен сайын, Иеміз қайтып келгенше, Оның құрбандық өлімін жариялай бересіңдер.
I Co Kaz 11:27  Сондықтан, кімде-кім лайықсыз түрде Иеміздің нанын жеп, тостағанынан ішсе, сол Иеміздің денесі мен қанына қарсы күнә жасайды.
I Co Kaz 11:28  Әркім нанды жеп, тостағаннан ішпес бұрын өзін сынасын;
I Co Kaz 11:29  егер лайықсыз түрде нан жеп, тостағаннан ішіп, Иеміздің денесіне тиісті құрмет көрсетпесе, онда ол өзіне Құдайдың үкімін шығартады.
I Co Kaz 11:30  Сондықтан да сендердің көбің әлсіз де аурусыңдар, біразың қайтыс болдыңдар.
I Co Kaz 11:31  Егер алдымен өзімізді-өзіміз сынасақ, Құдайдың жазасына ілікпес едік.
I Co Kaz 11:32  Ал бізге күнәкар дүниемен бірге қияметте үкім шығармас үшін Тәңір Иеміз бізді қазірдің өзінде тексеріп, жазалауда.
I Co Kaz 11:33  Сонымен, бауырластар, Иеміздің асына бас қосқанда бәрі жиналғанша күтіңдер!
I Co Kaz 11:34  Кімнің қарны ашса, сол үйінен тамақтанып келсін, әйтпесе жиналғанда Құдайдың жазасына ілігіп қаласыңдар. Ал басқа нәрселер туралы өздеріңе барған кезімде нұсқау бермекпін.