I CORINTHIANS
Chapter 8
I Co | Kaz | 8:1 | Енді жалған тәңірлерге ұсынылған тағамдарға тоқталсам: «Бәрімізде біліктілік бар», мұны білеміз. Бірақ «біліктілік» мақтаншақ етеді, ал «сүйіспеншілік» сенімді жетілдіреді. | |
I Co | Kaz | 8:4 | Ал енді, жалған тәңірлерге ұсынылған тағамдарды ішіп-жеуге келсек, біз сондай тәңірлердің күллі әлемде шынымен жоқ екенін және жалғыз Құдайдан басқа еш құдайдың жоқ екенін білеміз. | |
I Co | Kaz | 8:5 | Кейбіреулердің ойынша көкте де, жерде де «құдай» делінгендер бар; сол адамдар көп «құдайлар» мен «иелеріне» құлшылық етеді. | |
I Co | Kaz | 8:6 | Бірақ біз бәрінің бастауы болған бір ғана Құдай Әкені танимыз, Ол үшін өмір сүрудеміз; сондай-ақ, жалғыз Иеміз — Иса Мәсіхті де танимыз: күллі әлем де, өзіміз де Сол арқылы пайда болдық. | |
I Co | Kaz | 8:7 | Алайда сенушілердің барлығы бірдей мұны біле бермейді. Бұрын жалған тәңірлерге құлшылық еткен кейбіреулері күні бүгінге дейін осындай тағамды жегенде оны тәңірлерге арналған деп есептейді. Бұларының дұрыс-бұрыстығына дүдәмал ар-ұждандары осылай арамданады. | |
I Co | Kaz | 8:8 | Құдайға деген қарым-қатынасымызға біздің жеген тамағымыздың қатысы жоқ; оны не жейік, не жемейік, бұдан Құдай алдында жаман да, жақсы да болмаймыз. | |
I Co | Kaz | 8:10 | Мысалы, ар-ұжданы әлсіз біреу «сондай білікті» сенің жалған тәңірдің ғибадатханасында тамақ ішіп отырғаныңды көрді делік. Бұл оны сол тәңірлерге арналған тағамдарды жеуге батылдандырмай ма? | |
I Co | Kaz | 8:11 | Осылай әлсіз адам, яғни өз бауырласың, сенің «біліктілігіңе» бола тура жолдан адасып, рухани жойылып кетеді. Ал Мәсіх ол үшін де жанын құрбан етті! | |
I Co | Kaz | 8:12 | Міне, осылайша бауырластарыңның әлсіз ар-ұждандарын жарақаттап, оларға қарсы күнә жасауыңмен Мәсіхке қарсы да күнә жасайсың. | |