Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
I TIMOTHY
1 2 3 4 5 6
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 2
I Ti Kaz 2:1  Ал енді, ең алдымен мынаны ескертемін: барлық адамдар үшін Құдайға сиынып, өтініштерің мен алғыстарыңды білдіріңдер.
I Ti Kaz 2:2  Патшалар мен басқа да барлық әкімшілік иелері үшін де мінажат ету керек; соның нәтижесінде біз барлық жағдайда Құдайға ұнамды да адал болып, тыныш та бейбіт өмір сүрмекпіз.
I Ti Kaz 2:3  Бұл игілікті әрі Құтқарушымыз Құдайға ұнамды.
I Ti Kaz 2:4  Ол барлық адамдардың құтқарылып, шындықты біліп алуларын қалайды.
I Ti Kaz 2:5  Құдай — біреу-ақ, Құдай мен адамдар арасын Келістіруші де Біреу, Ол — адам (болып дүниеге келген) Иса Мәсіх.
I Ti Kaz 2:6  Бәрін күнәнің құлдығынан босату үшін Мәсіх жанын құрбан етіп, соның төлемін өтеді. Бұған дер кезінде куәлік берілді.
I Ti Kaz 2:7  Оны жариялау үшін уағыздаушы және елші болуға тағайындалдым. Еш өтірік емес, Мәсіх алдында нағыз шындықты айтып тұрмын: Ол мені халықтарға сенім мен шындық туралы тәлім беруге жіберді.
I Ti Kaz 2:8  Сонымен ер адамдардың әр жерде адал қолдарын жайып, ашу-ыза, күмән және жанжалдан аулақ болып, Құдайға сиынуларын қалаймын.
I Ti Kaz 2:9  Сол сияқты, әйелдер әдеппен әрленіп-сәнденсін: шаштарын тым баптай бермей, алтын, інжу-маржан және қымбат киімге үйір болмай, киімдері қарапайым да сыпайы болсын.
I Ti Kaz 2:10  Оларды істеген игі істері көркейтсін. Бұл Құдайға ұнамды болуға ұмтылған әйелдерге лайық.
I Ti Kaz 2:11  Әйелдер тыныштықпен, әр жағдайда (қауым жетекшілерінің басшылығына) мойынсұнып тәлім алсын.
I Ti Kaz 2:12  Олардың (Құдайдың ілімі жайлы) тәлім беріп, ер адамдарға билік жүргізулеріне жол бермеймін; олар тыныш болсын.
I Ti Kaz 2:13  Алдымен Адам ата, содан кейін Хауа ана жаратылған
I Ti Kaz 2:14  және Адам ата емес, әйел әзәзілге алданды. Осылай ол Құдайдың бұйрығын бұзды.
I Ti Kaz 2:15  Ал егер әйелдер сенім мен сүйіспеншілікті, қасиеттілік пен ұстамдылықты ұстанса, аналық міндетін атқарғанда (күнәнің ықпалынан) аман сақталады.