Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
I TIMOTHY
1 2 3 4 5 6
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 1
I Ti Kaz 1:1  Құтқарушымыз Құдайдың және үмітіміздің Бастауы — Иса Мәсіхтің бұйрығымен Иса Мәсіхтің елшісі болған Пауылдан
I Ti Kaz 1:2  сеніміміздегі шынайы ұлым іспетті Тімотеге дұғай сәлем. Лайым Құдай Әкеміз және Иеміз Мәсіх Иса саған рақымы мен қайырымын жаудырып, тыныштығын сыйлай берсін!
I Ti Kaz 1:3  Македонияға барарда өтініп сұрағанымдай, сен Ефес қаласында қалып, кейбіреулердің басқа ілімдерді үйретулеріне
I Ti Kaz 1:4  және аңыздармен, ұлан-ғайыр шежірелермен шұғылдануларына тыйым сал. Бұлар сенім арқылы білінетін Құдайдың ісіне қызмет етудің орнына көп дау-жанжал тудырады.
I Ti Kaz 1:5  Осы бұйрықтың мақсаты — пәк жүрек, таза ар-ұждан мен шынайы сенімнен бастау алатын сүйіспеншілікті ояту.
I Ti Kaz 1:6  Кейбір адамдар бұлардан бас тартып, көп мылжыңдыққа түсіп, адасып кетті.
I Ti Kaz 1:7  Олар Таурат заңының ұстаздары болғылары келеді, бірақ өз айтқандарын әрі табандылықпен білдіріп жүрген пікірлерін өздері дұрыстап түсінбейді.
I Ti Kaz 1:8  Ал тиісінше қолданылса, Таурат заңының игілікті болатынын білеміз.
I Ti Kaz 1:9  Оның Құдай алдында ақталған біздерге емес, заң мен билікке бағынбайтындарға, зұлымдар мен күнәкарларға, қасиетсіздер мен дінсіздерге, ата-анасын не басқа біреуді өлтірушілерге,
I Ti Kaz 1:10  бұзылғандар мен жыныстық азғындыққа түскендерге, кісі ұрлаушыларға, өтірікшілер мен жалған ант беретіндерге, яки дұрыс ілімге қайшы әрекет ететіндердің бәріне тыйым салатынын түсінеміз.
I Ti Kaz 1:11  Осы ілім мадақталуға тиісті Құдайдың ұлы Ізгі хабарында мәлімденген. Құдай соны уағыздауды маған аманаттады.
I Ti Kaz 1:12  Міндетімді атқаруға күш-қуат беріп келе жатқан Иеміз Мәсіх Исаға ризашылығымды білдіремін. Өйткені Ол мені сенімді болады деп бағалап, Өзіне қызмет етуге тағайындаған.
I Ti Kaz 1:13  Бұдан бұрын Оған тіл тигізіп, қауымдарын қудалап, зорлық-зомбылық көрсеткеніммен, Иеміз маған қайырымды болды. Себебі менде әлі де шынайы сенім болмағандықтан, не істеп жүргенімді білмедім.
I Ti Kaz 1:14  Осылай маған Иеміздің рақымы молынан төгіліп, Мәсіх Исадан келетін сенім мен сүйіспеншілікке кенелдім.
I Ti Kaz 1:15  «Мәсіх Иса осы дүниеге келдіҚұтқару үшін күнәкар кісілерді!»Бұл — дәл айтылған шынайы сөз, оны түгелдей қабылдау қажет. Күнәкарлардың ішіндегі нағыз күнәкар мен едім.
I Ti Kaz 1:16  Ал Иса Мәсіх алдымен мен арқылы Өзінің төзімділігін толығымен көрсету үшін маған қайырымдылық танытты. Сөйтіп мені болашақта Иса Мәсіхке сеніп, мәңгілік өмірге ие болатын адамдардың бәріне үлгі етті.
I Ti Kaz 1:17  Мәңгілік Патша — өлмес, көзге көрінбес бірден-бір Құдай мәңгі құрметтеліп, ұлылығы мадақтала берсін! Аумин.
I Ti Kaz 1:18  Тімоте, балам менің, саған мына өсиетті аманаттаймын, ол бұдан бұрын өзің туралы Құдай Рухы білдірген хабарларға сәйкес: ізгі күресте сол хабарларға сай әрекет жасап,
I Ti Kaz 1:19  сенімің мен ар-ұжданыңды таза ұста! Кейбіреулер ар-ұждандарынан безіп, сенімдерін құртты.
I Ti Kaz 1:20  Олардың араларында Үменей мен Ескендір бар. Құдайға тіл тигізбеуге үйренсін деп, екеуін (қауымнан шығарып) шайтанның қолына тапсырдым.