II SAMUEL
Chapter 9
II S | Kaz | 9:1 | Бір күні Дәуіт: «Саулдың әулетінен тірі қалған біреу бар ма екен? Мен Жонатан үшін оған мейірім көрсетейін!» — деп сұрастырды. | |
II S | Kaz | 9:2 | Кезінде Саулдың сарайында Сиба есімді бір қызметшісі болған еді. Дәуіт соны шақыртып:— Сен Сибасың ба? — деп сұрады. Ол:— Иә, тақсыр, сіздің құлыңызбын, — деп жауап қатты. | |
II S | Kaz | 9:3 | Патша:— Саулдың әулетінен бірде-бір жанның тірі қалмағаны ма? Мен соған Құдайдың берік мейірімін көрсеткім келеді, — деді. Сиба:— Жонатанның ұлдарының біреуі әлі де бар. Ол екі аяғы майып болған ақсақ, — деп жауап берді. | |
II S | Kaz | 9:4 | — Ол қайда?— Лодыбардағы Әмиел ұлы Махырдың үйінде тұрып жатыр.Патша Махырдың үйіне кісілерін жіберіп, сол адамды қасына алдыртты. | |
II S | Kaz | 9:5 | — Ол қайда?— Лодыбардағы Әмиел ұлы Махырдың үйінде тұрып жатыр.Патша Махырдың үйіне кісілерін жіберіп, сол адамды қасына алдыртты. | |
II S | Kaz | 9:6 | Оның есімі Мепібосет еді, ол Жонатанның ұлы, Саулдың немересі еді. Мепібосет Дәуіттің алдына келе салысымен басын жерге дейін иіп тағзым етті. Дәуіт оған тіл қатып:— Мепібосет! — деді. Ол:— Сіздің құлыңызбын, тақсыр, — деп жауап берді. | |
II S | Kaz | 9:7 | Дәуіт:— Қорықпа! Әкең Жонатан үшін мен саған ұдайы мейірім көрсететін боламын. Атаң Саулдың мал-мүлкін саған қайтарамын. Сен әрдайым менің дастарқанымнан тамақ жейтін боласың, — деді. | |
II S | Kaz | 9:8 | Мепібосет басын иіп: «Тақсыр ие, мен сұрауы жоқ иттің өлімтігі іспеттімін. Сіздің маған сондай мейірім көрсетуіңізге еш лайықты емеспін!» — деді. | |
II S | Kaz | 9:9 | Содан Дәуіт Саулдың қызметшісі Сибаны қасына шақыртып:— Саул мен оның әулетіне тиісті мал-мүлікті иеңнің немересінің қолына тапсырдым. | |
II S | Kaz | 9:10 | Сен өзің, ұлдарың және қызметшілерің оның жерін өңдеп, қожайындарыңның кірісі болсын деп өнімін жинап отырыңдар! Бірақ иелеріңнің немересі Мепібосеттің өзі тамағын менің дастарқанымнан ішіп-жейтін болады, — деп бұйырды. Сибаның он бес ұлы мен жиырма қызметшісі бар болатын. | |
II S | Kaz | 9:11 | Сиба:— Уа, патша ием, алдыңыздағы пендеңізге берген бұйрығыңызды түгелдей орындаймын, — деп жауап берді.Бұдан былай Мепібосет патшаның бір ұлы іспетті Дәуіттің дастарқанынан тамақтанатын болды. | |
II S | Kaz | 9:12 | Мепібосеттің Миха деген кішкентай ұлы бар еді.Сонымен Сибаның бүкіл үй іші Мепібосетке қызметші болды, | |