II SAMUEL
Chapter 17
II S | Kaz | 17:1 | Ахитопел Абессаломға тағы былай деді:— Маған он екі мың адамды таңдап алып, бүгін түнде Дәуіттің соңына түсуіме рұқсат етіңіз. | |
II S | Kaz | 17:2 | Оған қазіргі әлсіз әрі шаршап-шалдыққан кезінде шабуылдап, зәресін ұшырайын. Сонда қасындағы барлық жасағы қашып кетіп, мен тек жалғыз патшаны ғана құртамын. | |
II S | Kaz | 17:3 | Ал қасындағы бүкіл жасақты өзіңізге қайтарып алып келемін. Сіз тек осы адамды ғана іздеп жүрсіз ғой. Осылайша бүкіл халық аман-есен болады. | |
II S | Kaz | 17:5 | Әйтсе де Абессалом: «Архилік Хушайды шақырыңдар! Оның да не айтатынын тыңдап көрейік!» — деді. | |
II S | Kaz | 17:6 | Хушай келген кезде Абессалом оған:— Ахитопел осы кеңесті беріп отыр. Оның айтқандарын орындайық па? Егер жоқ десең, өз ойыңды айт! — деді. | |
II S | Kaz | 17:7 | Сонда Хушай Абессаломға былай деді:— Ахитопелдің сізге осы жолы берген кеңесі онша жақсы емес. | |
II S | Kaz | 17:8 | Әкеңнің, оның адамдарының мықты жауынгер екенін, соғысқан кезде олар далада қонжықтарынан айырылған ұрғашы аю сияқты қаһарланатынын білесіз. Оның үстіне, әкеңіз — тәжірибелі жауынгер, ол жасағынан бөлек түнейтін болар. | |
II S | Kaz | 17:9 | Ол тіпті қазір де қандай да бір үңгірде немесе әйтеуір бір жерде тығылып отырған шығар. Егер ол әскеріңізге бірінші болып шабуыл жасап, адамдарыңыздың бірқатары қаза тапса, оны естігендер: «Абессаломның соңынан еріп жүрген жасақ ойсырай жеңіліпті!» дейтін болады. | |
II S | Kaz | 17:10 | Сонда жүрегінің түгі бар ең батыл деген жауынгеріңіздің де зәресі ұшады. Себебі бүкіл Исраил сіздің әкеңіздің нағыз батыр және оның қасындағылардың мықты жауынгерлер екенін жақсы біледі. | |
II S | Kaz | 17:11 | Сондықтан менің сізге беретін ақылым мынау: Сонау (солтүстіктегі) Дан мен (оңтүстіктегі) Бер-Шебаның арасындағы бүкіл Исраил елінің теңіз жағалауындағы құм қиыршықтары іспетті сансыз көп ер адамдары жаныңызға жиналсын! Сіз өзіңіз оларды шайқасқа бастап шығыңыз! | |
II S | Kaz | 17:12 | Сонда ол қай жерде болса да, біз оған бас салып, жерге құйылған жауындай жаппай тап берейік! Онда оның өзі де, қасындағы адамдарының ешқайсысы да тірі қалмайды. | |
II S | Kaz | 17:13 | Ал егер ол бір қалаға шегінсе, бүкіл Исраил сол қалаға арқандарын алып келсін. Біз тасының бірде-бір қиыршығы қалмағанша қаланы сайға қарай сүйреп құлатайық! | |
II S | Kaz | 17:14 | Сонда Абессалом мен бүкіл Исраилдің адамдары:— Архилік Хушайдың берген кеңесі Ахитопелдікінен жақсы екен! — десті. Жаратқан Ие Абессаломды күйрету үшін осылайша Ахитопелдің дана кеңесін іске асыртпай кедергі жасауға бұйырған болатын. | |
II S | Kaz | 17:15 | Бұдан кейін Хушай діни қызметкерлер Абиятар мен Садыққа мына хабарды жеткізді: «Абессалом мен Исраилдің рубасыларына Ахитопел солай деп кеңес берді, ал мен бұлай деп кеңес бердім. | |
II S | Kaz | 17:16 | Жедел Дәуітке адам жіберіп, оған мынаны ескертіңіздер: Елсіз даладағы Иорданның өткелдерінің маңында түнемеңіз. Қайткен күнде де өзеннен тезірек өтіңіз! Әйтпесе патша мен оның қасындағы барлық жасағы жойылып кетуі мүмкін». | |
II S | Kaz | 17:17 | Жонатан мен Ахимағас осы кезде қала сыртындағы Ен-Рогел атты қайнар көздің маңында болатын. Бір қызметші қыз оларға хабар әкеліп тұратын. Екі жігіт сол хабарды Дәуіт патшаға жіберетін. Біреу-міреу танып қояр деп екі жігіт қалаға кірмеді. | |
II S | Kaz | 17:18 | Бір бозбала оларды бәрібір байқап қалып, сол туралы Абессаломға айтып барды. Сондықтан олар сол жерден тездетіп кетіп, Бахуримдегі біреудің үйіне бас сауғалады. Сол кісінің ауласында бір құдық бар еді. Олар соның ішіне түсіп жасырынып қалды. | |
II S | Kaz | 17:19 | Үй иесінің әйелі құдықтың аузын жабынмен жауып, үстіне жарма төгіп тастады. Бұл жайт ешкімге аян болмады. | |
II S | Kaz | 17:20 | Абессаломның жасақшылары оларды іздеп сол үйге келгенде, әйелден:— Ахимағас пен Жонатан қайда? — деп сұрады. Әйел:— Олар судан өтіп кетті, — деп жауап берді. Жасақшылар іздеп-іздеп, ешкімді таба алмай, Иерусалимге қайта оралды. | |
II S | Kaz | 17:21 | Бұлар кетіп қалғаннан кейін әлгі екі жігіт құдықтан шығып, тездетіп Дәуіт патшаны ескертуге кетті. Олар Дәуітке барып: «Жедел жиналып, өзеннен өтіп кетіңіз! Ахитопел сізге қарсы осындай да осындай кеңес берді!» — деген хабарды жеткізді. | |
II S | Kaz | 17:22 | Мұны ести салысымен Дәуіт пен оның қасындағы бүкіл халық жиналып, Иорданнан өте бастады. Таң атқанда өзеннен өтпеген бірде-бір адам қалмады. | |
II S | Kaz | 17:23 | Ал өз кеңесінің іске аспағанын көрген Ахитопел есегін ерттеп, өзі тұратын қаладағы үйіне кетіп қалды. Сонда жеткеннен кейін үй ішіне соңғы өсиеттерін табыстап, асылып өлді. Оның мәйіті әкесінің қабіріне қойылды. | |
II S | Kaz | 17:24 | Осы екі арада Дәуіт Маханайымға жетті. Кейінірек Исраилдің күллі жауынгерлерін бастап, Абессалом да Иорданның шығыс жағына өтіп келді. | |
II S | Kaz | 17:25 | Абессалом Жоғабтың орнына Амасаны әскер қолбасшысы етіп тағайындаған болатын. Амасаның шешесі Әбигел Нахаштың қызы және Жоғабтың шешесі Сарұяның сіңлісі еді. Амасаның әкесі Етер есімді ізрелдік болатын. | |
II S | Kaz | 17:27 | Дәуіт Маханайымға жеткенде, аммондықтардың Рабба қаласынан Нахаш ұлы Шоби, Лодыбардан Әмиел ұлы Махыр, Рогелимнен ғилақадтық Барзилай келді. Олар: | |
II S | Kaz | 17:28 | «Елсіз далада жүргенде осы адамдар ашығып, шаршап-шалдығып, шөлдеп қалды ғой!» — деп ойлап, көрпе-көпшік пен ыдыс-аяқ әкелді. Олар, сондай-ақ, Дәуіт пен оның қасындағыларға ішіп-жеуге бидай, арпа, ұн, қуырылған дәнді дақылдар, бұршақ, жасымық, | |