II SAMUEL
Chapter 3
II S | Kaz | 3:1 | Бұдан кейін Саулдың әулеті мен Дәуіттің әулетінің арасында ұзаққа созылған соғыс болды. Дәуіттің күші барған сайын арта түсіп, ал Саулдың әулеті әлсірей берді. | |
II S | Kaz | 3:2 | Хебронда Дәуіттің мына ұлдары дүниеге келді: тұңғышы — Амнон, оның шешесі ізрелдік Ахиноғам еді. | |
II S | Kaz | 3:3 | Екіншісі — Хилеяба, ол кәрмелдік Набалдың жесірі Әбигелден туды. Үшіншісі — Абессалом, оның шешесі Гешур патшасы Талмайдың қызы Маха болатын. | |
II S | Kaz | 3:5 | әрі алтыншысы — Ітерамның шешесі Дәуіттің өзге әйелі Әгла болды. Бұлардың бәрі Хебронда туды. | |
II S | Kaz | 3:6 | Саулдың әулеті мен Дәуіттің әулеті өзара соғысып жатқан кезде қолбасшы Әбенир Саулдың әулетінің арасында өз жағдайын күшейтумен айналысып жатты. | |
II S | Kaz | 3:7 | Саулдың тірі кезінде Аях қызы Риспа есімді кәнизагы бар болатын. Бір күні Ишбосет Әбенирді:— Сен неге әкем марқұмның кәнизагымен бірге болдың? — деп айыптады. | |
II S | Kaz | 3:8 | Ишбосеттің осы сөздеріне Әбенир қатты ашуланып былай деп жауап берді:— Немене, мені Яһуданың жағына шығып кеткен иттің басы дейсің бе? Мен осы күнге дейін марқұм әкең Саулдың әулетіне, оның бауырлары мен достарына адалдық танытып өзіңді Дәуіттің қолына түсірмедім. Ал сен мені осы әйелге бола кінәлап отырсың! | |
II S | Kaz | 3:9 | Жаратқан Ие Дәуітке уәде еткенді мен жүзеге асырмасам, онда Құдай мені жазалаған үстіне жазалай берсін! — | |
II S | Kaz | 3:10 | Себебі патшалықты Саулдың әулетінен алуға, әрі солтүстіктегі Даннан оңтүстіктегі Бер-Шебаға дейінгі бүкіл Исраил мен Яһуданың үстінен Дәуіттің тағын орнатуға Жаратқан Ие Дәуітке ант етіп уәде берген еді ғой. | |
II S | Kaz | 3:12 | Ал Әбенир Хебронда тұратын Дәуітке елшілерін жіберіп, оған мынадай ұсыныс жасады:— Ел кімдікі болуға тиіс? Менімен келісім жасассаңыз, бүкіл Исраилді сіздің жағыңызға шығаруға қол ұшымды беремін! — | |
II S | Kaz | 3:13 | Дәуіт оған жауап беріп:— Жақсы! Бірақ келісім жасамас бұрын менің бір шартымды орында. Менімен жүздесуге келгеніңде, өзіңмен бірге Саул қызы Михолды ала кел! Әйтпесе көзіме көрінбе! — деді. | |
II S | Kaz | 3:14 | Дәуіт Саул ұлы Ишбосетке де елшілерін жіберіп, оған: «Маған өз әйелім Михолды қайтарып беріңіз. Оны алу үшін мен (қалыңмалдың орнына) жүз філістірдің көзін құртқан болатынмын», — деген талап қойды. | |
II S | Kaz | 3:16 | Күйеуі көз жасын төгіп зар жылап Бахуримге дейін артынан қалмай еріп келді. Сол жерде Әбенир оған кездесіп: «Үйіңе қайт!» — деп бұйырды. Сонда ғана ол үйіне қайта оралды. | |
II S | Kaz | 3:17 | Сол екі арада Әбенир Солтүстік Исраилдің рубасыларына мынадай сәлем жіберді: «Біраз уақыттан бері сіздер Дәуіттің өздеріңе патша болғанын қалап келесіздер. | |
II S | Kaz | 3:18 | Ал енді, соны жүзеге асырыңыздар. Жаратқан Ие: «Мен қызметшім Дәуіт арқылы Өзімнің халқым Исраилді філістірлердің және басқа да жауларының қолынан құтқарамын!» деп Дәуітке уәде етті емес пе!» | |
II S | Kaz | 3:19 | Әбенир буняминдіктермен де жеке сөйлесті. Содан соң ол бүкіл Солтүстік Исраилдің әрі Бунямин руының не деп шешкенін Дәуітке оңаша жеткізу үшін Хебронға барды. | |
II S | Kaz | 3:20 | Әбенир өзінің жиырма адамын ертіп, Хеброндағы Дәуітке келгенде, Дәуіт оның және қасындағы адамдарының құрметіне қонақасы берді. | |
II S | Kaz | 3:21 | Әбенир Дәуітке ұсыныс жасап былай деді: «Мен сапарға шығып, бүкіл Исраил халқын сізге, патша иеме, жинап берейін. Олар сізбен келісім жасамақ. Сонда өзіңіз қалаған елдің үстінен билік жүргізе алатын боласыз». — Бұдан кейін Дәуіт оны еркіне жіберіп, Әбенир аманшылықпен кері қайтты. | |
II S | Kaz | 3:22 | Ал Дәуіт Әбенирді аман-есен қайтарып жіберген кезде Жоғаб Дәуіттің қызметшілерін бастап, жорықтан мол олжамен Хебронға қайтып келе жатты. | |
II S | Kaz | 3:23 | Жоғаб пен оның бүкіл сарбаздар тобы қалаға жеткен соң, біреу Жоғабқа Нер ұлы Әбенирдің патшаға келгендігі және патшаның оны еркіне жіберіп, Әбенирдің тыныштықпен кетіп қалғандығы туралы айтып берді. | |
II S | Kaz | 3:24 | Сонда Жоғаб патшаға барып: «Бұл істегеніңіз қалай? Әбенир сізге келіп, ал сіз оны еркіне жібере салғаныңыз не? Енді ол кетіп қалыпты! | |
II S | Kaz | 3:25 | Нер ұлы Әбенирдің қандай адам екенін білесіз ғой. Ол сізді алдап, тек қайда барып, не істеп жүргеніңіздің бәрін біліп алу үшін ғана келді емес пе?!» — деп риза еместігін білдірді. | |
II S | Kaz | 3:26 | Содан Жоғаб Дәуіттің қасынан шығып, Әбенирдің артынан қуғыншылар жіберді. Олар оны Сира құдығының маңында қуып жетіп, кері қайтарды. Ал Дәуіт бұл туралы ештеңе де білген жоқ. | |
II S | Kaz | 3:27 | Әбенир Хебронға қайтып келгенде, оңаша бір жерде сөйлесемін деп Жоғаб оны қала қақпасының бір қалтарысына алып шықты. Кенеттен оның ішіне семсерін кірш еткізіп сұғып алды. Әбенир Жоғабтың бауыры Асахилдің қанын төккені үшін сол жерде осылай мерт болды. | |
II S | Kaz | 3:28 | Бірақ Дәуіт кейін осы оқиға туралы естігенде наразылығын білдіріп былай деді: «Жаратқан Иенің алдында Нер ұлы Әбенирдің төгілген қанына өзім де, патшалығым да еш кінәлі емеспіз! | |
II S | Kaz | 3:29 | Кінә Жоғаб пен оның әкесінің бүкіл әулетінің мойнына жүктелсін! Бұдан былай Жоғабтың әулетінен денесінен ірің ағатын немесе алапеспен ауыратын, ақсақ-тоқсақ, не біреудің семсерінен өмірі қиылатын, не тамаққа тапшылықтан көз ашпайтын адам ешқашан үзілмесін!» | |
II S | Kaz | 3:30 | Себебі Жоғаб пен оның інісі Әбішай туған інілері Асахилді Гибеондағы шайқаста өлтіргені үшін Әбенирдің көзін қастандықпен құртқан еді. | |
II S | Kaz | 3:31 | Дәуіт Жоғаб пен оның қасындағы барлық адамдарға бұйрық беріп:— Көйлектеріңнің өңірін айыра жыртып, азалы киім киіп, Әбенирді жоқтаңдар! — деді. Оның мәйіті қабірге апарылғанда, Дәуіт патшаның өзі соңынан жүрді. | |
II S | Kaz | 3:32 | Әбенир Хебронда қабірге қойылғаннан кейін, патша қабірдің жанында дауыс көтеріп Әбенирді жоқтап жылады. Сонда бүкіл халық та жылады. | |
II S | Kaz | 3:34 | Ешкім қолдарыңды да байламады,Аяқтарыңды да бұғауламады,Залым біреуді жойғаны сияқтыҚастандықпен сені өлтіріп тастады!»Сонда бүкіл халық тағы да Әбенирді жоқтады. | |
II S | Kaz | 3:35 | Дәуіт сол күні тамақ ішуден бас тартты. Ал халық Дәуітке келіп, оны наннан ауыз тисін деп қолқалай бастады. Бірақ Дәуіт: «Күн батқанға дейін нан жеп не басқа тамақ ішсем, Құдай мені жазалаған үстінен жазалай берсін!» — деп ант еткен еді. | |
II S | Kaz | 3:36 | Халықтың барлығы мұны көріп, риза болды. Расында патшаның істегенінің бәрі де халыққа ұнады. | |
II S | Kaz | 3:37 | Осылайша сол күні бүкіл Яһуда халқы мен күллі Исраил елі Нер ұлы Әбенирдің өліміне Дәуіт патшаның еш қатысы болмағанын ұқты. | |
II S | Kaz | 3:38 | Патша өз нөкерлеріне тіл қатып былай деді: «Бүгін Исраилдің ұлы басшысы көз жұмды, соны түсінбейсіңдер ме? | |