Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
II SAMUEL
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 22
II S Kaz 22:1  Осылай Жаратқан Ие Дәуітті барлық жауларынан және Саулдың қолынан құтқарды. Сол кезде Дәуіт Жаратқан Иеге арнап мына жырды айтты:
II S Kaz 22:2  Жаратқан — жартастай берік қорғаным,Мені қауіп-қатерден құтқарушым,
II S Kaz 22:3  Құдайым — сенім артқан шың құзым,Қалқандай қорғаушым, мықты құтқарушым,Әрі биік таудағыдай баспанам,Мені құтқарады зорлық-зомбылықтан!
II S Kaz 22:4  Мадаққа лайық Жаратқанға сиынам,Ол мені арашалайды жауларымнан.
II S Kaz 22:5  Өлім толқындары жан-жақтан құрсады,Заңсыздық тасқыны көміп тастады,
II S Kaz 22:6  Ажалдың шынжыры мені матады,Өлімнің торы бұғаулап шырмады.
II S Kaz 22:7  Қатты қиналып Жаратқанға сиындым,Жәрдем сұрап Құдайыма жалындым.Киелі орнынан Ол құлақ салды,Жалынышым Оның алдына барды.
II S Kaz 22:8  Сол заматта жер дірілдеп сілкінді,Аспанның негізі шайқалып дірілдеді,Өйткені Құдай қаһарына мінген еді.
II S Kaz 22:9  Қаһарынан Оның түтін шықты,От лаулап аузынан жалын атты,Ыстық шоқ ішінен атқылады.
II S Kaz 22:10  Аспанды ашып Ол төмен түсті,Қара бұлттар болды аяғының асты,
II S Kaz 22:11  Мықты періштелерге мініп алды,Желдің қанаттарында зулап ұшты,
II S Kaz 22:12  Түнекті айналдыра перде қылды,Жаңбырдың қалың бұлттарын жамылды,
II S Kaz 22:13  Алдындағы нұрынан жай оты жалтылдады.
II S Kaz 22:14  Жаратқан Ие аспаннан күркіреп шақырды,Алла Тағаланың дауысы жаңғырықты.
II S Kaz 22:15  Жебелер атқылап жауларын шашыратты,Найзағай жарқылдап оларды абдыратты.
II S Kaz 22:16  Көрінді сонда теңіздің арналары,Әрі дүниенің негіздері ашылды,Уа, Жаратқан Ие, қатаң сөгісіңнен,Қаһарлы да құдіретті лебіңнен.
II S Kaz 22:17  Көктен қолын созып, Ол мені ұстап алды,Терең судан Ием мені шығарып алды,
II S Kaz 22:18  Құтқарды мені мықты дұшпанымнан,Өзімнен қуатты қас жауларымнан,
II S Kaz 22:19  Мүшкіл кезімде олар маған бас салды,Жаратқан Ие бірақ тірегім болды,
II S Kaz 22:20  Кең-байтақ жерге Ол мені шығарды,Маған риза болып аман құтқарды.
II S Kaz 22:21  Адал жүрген мені Ием қолдады,Пәк істерім үшін игілік сыйлады.
II S Kaz 22:22  Өйткені Жаратқанның жолымен жүрдім,Арсыз болып Құдайымнан безбедім.
II S Kaz 22:23  Қайта, күллі шешімдері көз алдымда,Оның ережелерінен бас тартпаймын да.
II S Kaz 22:24  Құдайдың алдында мінсіз болып келемін,Күнә жасаудан сақтанып жүремін.
II S Kaz 22:25  Жаратқан маған берді әділдігіме қарай,Оның көз алдындағы пәк ісіме сай.
II S Kaz 22:26  Ием, рақымды жанға рақым танытасың,Адал жанға адалдықпен қарайсың,
II S Kaz 22:27  Таза жүрген жанмен Өзің де тазасың.Арамзаға айламен жауап қайырасың.
II S Kaz 22:28  Жәбір көрген жандарды құтқарасың,Бірақ менменді байқап, құлатасың.
II S Kaz 22:29  Уа, Ием, маған шырақтай нұр шашасың,Уа, Жаратқан, түнегімді жарық қыласың.
II S Kaz 22:30  Сенің күшіңмен жау тобын жеңе аламын,Құдайыммен қамалдың үстіне шығамын.
II S Kaz 22:31  Күмән жоқ, Құдайдың жолы мінсіз,Жаратқанның сөзі де еш мүлтіксіз.Құдайға сенім артқан бар жандарғаОл — қалқандай қорған әрі берік баспана.
II S Kaz 22:32  Жаратқан Иеден басқа кім Құдай екен?Құдайымыздан басқа кім қорғайтын құз екен?
II S Kaz 22:33  Құдай мені күш-қуатқа бөлейді,Мінсіз өмір жолымен жетелейді,
II S Kaz 22:34  Аяғымды бұғыдай жүйрік қылады,Биік жерлерімде аман тұрғызады.
II S Kaz 22:35  Ол қолдарымды дайындайды шайқасқа,Майыстырам тіпті қола садақты да.
II S Kaz 22:36  Сен құтқаруыңды қалқандай сыйладың,Жоғарылатады мені шапағатың.
II S Kaz 22:37  Жолда қадамдарымды ұлғайтасың,Аяқтарымды таюдан сақтап қаласың.
II S Kaz 22:38  Жауларымды қуып, жойдым көздерін,Бәрін құртпайынша кері келмедім.
II S Kaz 22:39  Олар жеңіліп, қайта тұра алмады,Аяғымның астына менің құлады.
II S Kaz 22:40  Шайқасуға маған күш-қуат сыйладың,Қарсыластарды алдыма бас ұрғыздың,
II S Kaz 22:41  Қалған жауларды қашуға мәжбүр қылдың,Мені жек көргендердің көздерін құрттым.
II S Kaz 22:42  Көмекке шақырды олар, ешкім құтқармады,Жаратқанға жалынды, Ол құлақ салмады.
II S Kaz 22:43  Содан жауларды жер шаңындай ұнтақтадым,Даланың батпағындай оларды таптадым.
II S Kaz 22:44  Сен мені халықтың бүлігінен құтқардың,Әрі басшысы етіп қойдың өзге ұлттардың.Бөтен халық енді маған қызмет етеді,
II S Kaz 22:45  Олар да айтқанымды екі етпейді,Бөгде ұлттар алдымда құлдық ұрады,
II S Kaz 22:46  Жат жұрттықтар қатты қорқып бозарады,Дірілдеп өз қамалдарынан шығады.
II S Kaz 22:47  Жаратқан тірі! Құздай қорғаушым мақталсын,Құтқарушы Құдайым лайым даңқталсын!
II S Kaz 22:48  Құдайым мүддемді қорғаған,Әрі халықтарды маған бағындырған,
II S Kaz 22:49  Жауымнан өзімді аман сақтап қалған.Жоғары қойдың мені қарсыластардан,Сен құтқарып алдың зорлықшылдардан.
II S Kaz 22:50  Басқа халықтар арасында сондықтан,Уа, Жаратқан Ием, Сені мадақтаймын,Сенің атыңа ән-жырымды арнаймын.
II S Kaz 22:51  Сен Өзіңнің тағайындаған патшаңа:Дәуітке және оның ұрпақтарынаҰдайы ұлы жеңістер сыйлайсың,Тұрақты мейіріміңді бағыштайсың.