Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
REVELATION OF JOHN
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 5
Reve Kaz 5:1  Содан кейін тақ үстінде Отырғанның оң қолынан бір шиыршық кітапты көрдім. Шиыршық кітаптың екі жағына да жазу жазылып, ол жеті мөрмен бекітілген болатын.
Reve Kaz 5:2  Сол кезде бір құдіретті періштені де көрдім. Ол қатты дауыспен: «Кім мөрлерді бұзып, кітапты ашуға лайық?» — деп жариялады.
Reve Kaz 5:3  Алайда көктен де, жерден де, жер астынан да кітапты ашып, оның ішіне қарау билігі бар ешкім табылмады.
Reve Kaz 5:4  Кітапты ашып, оның ішіне қарауға лайықты ешкімнің табылмағандығына қатты қайғырып жыладым.
Reve Kaz 5:5  Сонда ақсақалдардың біреуі маған:— Жылама, қара: Дәуіт патшаның әулетінен, Яһуда руынан шыққан «Арыстан» жеңіске жетті! Оның сол жеті мөрді сындырып, кітапты ашып, оқуға билігі бар, — деді.
Reve Kaz 5:6  Мен қарасам, тақтың ортасында, айнала тұрған төрт нөкер мен ақсақалдар қоршаған «Тоқтыны» көрдім. Ол құрбандыққа шалынғандай болып көрінді. Оның жеті мүйізі мен жеті көзі бар екен, бұлар бүкіл әлемге жіберілген Құдайдың жеті Рухын білдіреді.
Reve Kaz 5:7  Тоқты барып, тақта Отырғанның оң қолынан кітапты қабылдады.
Reve Kaz 5:8  Тоқты соны қолға алған кезде төрт нөкер мен жиырма төрт ақсақал Тоқтының алдына бас ұра жығылды. Әрқайсысының қолында домбыраға ұқсас алтын аспап және түтетілетін хош иісті заттарға толы алтын табалар болды. Осы хош иісті заттар Құдай халқының айтқан мінажаттарын білдіреді.
Reve Kaz 5:9  Нөкерлер мен ақсақалдар жаңа мадақтау жырын айтып былай деді:— Сен лайықсың кітапты қолыңа алуғаЖәне мөрлерін бұзып, оны ашуға!Өйткені құрбан болып, қаныңды төктің,Сол арқылы әр ру, тіл, ұлт пен халықтанШыққандардың төлемін өтеп босаттың,Һәм Құдайға оларды бағыштадың,
Reve Kaz 5:10  Әрі Құдайымызға арнап солардыЖасадың діни қызметкерлер патшалығы;Олар жер бетін билейтін болады.
Reve Kaz 5:11  Мен тағы да қарап, тақты, төрт нөкерді және ақсақалдарды қоршап тұрған мыңдаған, миллиондаған періштелерді көріп, үндерін естідім.
Reve Kaz 5:12  Олар қатты дауыспен әндетіп былай деді:«Құрбандыққа шалынған ТоқтыБилік пен байлықты,Даналық пен құдіретті,Құрмет, ұлылық пен дәріптіҚабылдауға әбден лайықты!»
Reve Kaz 5:13  Көк пен жердегі, жер асты мен теңіздегі, яғни бүкіл әлемдегі, әрбір тіршілік иесінің былай деп ән салған даусын естідім:«Тақта Отырған және ТоқтыДәріптелу мен құрметке,Ұлылық пен құдіреткеМәңгі бақи лайықты!»
Reve Kaz 5:14  Төрт нөкер: «Аумин», — деп жауап берді. Ал жиырма төрт ақсақал жерге бас ұра жығылып, (мәңгі тірі Жаратқан Ие мен Тоқтыға) тағзым етті.