REVELATION OF JOHN
Chapter 7
Reve | Kaz | 7:1 | Мұнан кейін мен дүниенің төрт бұрышында тұрып, жер бетіне, теңізге және ағаштарға ешқандай жел соға алмастай етіп жердің төрт желін тұсаулап ұстаған төрт періштені көрдім. | |
Reve | Kaz | 7:2 | Сол кезде күншығыстан келе жатқан, қолында мәңгі тірі Құдайдың мөрі бар басқа бір періштені де көрдім. Ол Құдайдан жер мен теңізге зақым келтіру билігін алған төрт періштеге қатты дауыспен айқайлап: | |
Reve | Kaz | 7:3 | «Біз Құдайымыздың қызметшілерінің маңдайына таңба салып болмайынша, жер бетіне, теңізге және ағаштарға ешбір зақым келтірмеңдер!» — деп бұйырды. | |
Reve | Kaz | 7:4 | Мен маңдайларына Құдайдың таңбасы салынғандардың саны жүз қырық төрт мың екенін естідім; олар Исраилдің барлық руларынан еді. | |
Reve | Kaz | 7:5 | Әрбір рудан, яғни Яһуда, Рубен, Ғад, Ашир, Нафталим, Манаса, Шимон, Леуі, Исашар, Забулон, Жүсіп және Бунямин руларынан он екі мыңнан адамға таңба салынды. | |
Reve | Kaz | 7:6 | Әрбір рудан, яғни Яһуда, Рубен, Ғад, Ашир, Нафталим, Манаса, Шимон, Леуі, Исашар, Забулон, Жүсіп және Бунямин руларынан он екі мыңнан адамға таңба салынды. | |
Reve | Kaz | 7:7 | Әрбір рудан, яғни Яһуда, Рубен, Ғад, Ашир, Нафталим, Манаса, Шимон, Леуі, Исашар, Забулон, Жүсіп және Бунямин руларынан он екі мыңнан адамға таңба салынды. | |
Reve | Kaz | 7:8 | Әрбір рудан, яғни Яһуда, Рубен, Ғад, Ашир, Нафталим, Манаса, Шимон, Леуі, Исашар, Забулон, Жүсіп және Бунямин руларынан он екі мыңнан адамға таңба салынды. | |
Reve | Kaz | 7:9 | Содан соң қарасам, сансыз көп адамдардың ғаламат жиынын көрдім. Олар әрбір ұлт, ру, халық және тілден шығып, тақ пен Тоқтының алдында ақ шапан киіп, қолдарына пальма бұтақшаларын ұстап тұр екен. | |
Reve | Kaz | 7:10 | Жиналғандар қатты дауыспен былай деп мақтау айтты:— Құтқарылу тақта отырған Құдайымыз бен Тоқтының билігінде! | |
Reve | Kaz | 7:11 | Барлық періштелер де, ақсақалдар мен төрт нөкер де тақты айналдыра тұрды. Олар тақтың алдында жерге бас ұра жығылып Құдайды былай деп даңқтады: | |
Reve | Kaz | 7:12 | — Аумин. Дәріптеу, ұлылық және даналық,Шүкірлік, құрмет, құдірет пен билікБіздің Құдайға арналған мәңгілік!Аумин. | |
Reve | Kaz | 7:13 | Мұнан кейін ақсақалдардың бірі маған:— Ақ шапан киген мына адамдар кімдер, олар қайдан келді? — деген сұрақ қойды. | |
Reve | Kaz | 7:14 | — Мырзам, өзіңіз білесіз ғой, — деп жауап бердім. Ол маған былай деп түсіндірді:— Бұлар — зор қудалану кезеңінен өткендер. Олар шапандарын Тоқтының төгілген қанымен «жуып» аппақ қылды. | |
Reve | Kaz | 7:15 | Сондықтан олар Құдайдың тағының алдында тұрып, Оған күні-түні киелі үйінде қызмет етеді. Тақта отырған Құдай олардың арасында бірге тұрып, баспана болады. | |