REVELATION OF JOHN
Chapter 3
Reve | Kaz | 3:1 | Сардтағы қауымның періштесіне былай деп жаз:Бұл — Өзінде Құдайдың жеті Рухы әрі жеті жұлдызы Бардан хабар.Мен сенің істеріңді білемін; жұрт сені тірі деп санағанмен (рухани) өлісің. | |
Reve | Kaz | 3:2 | Оян! Өзіңде әлі де бар, бірақ жуырда өлмекші игі қасиеттеріңді нығайт! Себебі сенің істеріңді Құдайымның көз алдында жеткіліксіз деп таптым. | |
Reve | Kaz | 3:3 | Өзің тыңдап қабылдаған шынайы ілімді есіңе түсіріп, ұстанып, теріс жолдан қайт! Ал егер оянбасаң, саған ұры сияқты сап ете түсемін. Менің келетін уақытымды ешқашан біле алмайсың. | |
Reve | Kaz | 3:4 | Дегенмен Сардтағы сендердің араларыңда арамданбаған бірқатарың бар. Олар аппақ киім киіп, Менімен бірге жүретін болады. Себебі олар соған лайық. | |
Reve | Kaz | 3:5 | Жеңіп шыққан әркім солар сияқты аппақ киім киетін болады; Мен оның есімін Мәңгілік өмір кітабынан өшірмей, Әкемнің және Оның періштелерінің алдында ашық мойындаймын. | |
Reve | Kaz | 3:7 | Філаделфидегі қауымның хабаршысына былай деп жаз:Бұл — Киелі де Шынайыдан хабар. Өзімде Дәуіттің (патшалығының) кілті бар; Мен ашқанды ешкім жаба алмайды, Мен жапқанды ешкім аша да алмайды. | |
Reve | Kaz | 3:8 | Сенің істеріңді білемін. Міне, Мен алдыңнан есікті ашып қойдым, ешкім де оны жаба алмайды. Өзіңдегі күш азырақ болғанымен, сен айтқандарымды сақтап, Менен танбадың. | |
Reve | Kaz | 3:9 | Тыңда: өздерін яһудиміз (яғни Құдай халқымыз) десе де, олай емес, өтірікші әрі «шайтанның мәжілісханасы» болғандардың кейбіреулерін саған беремін; расында оларды аяғыңа бас ұрғызып, Өзімнің сені сүйетіндігіме көздерін жеткіздіремін. | |
Reve | Kaz | 3:10 | Сен Менің азаптарда төзімділік таныту туралы бұйрығымды орындап келгендіктен, Мен сені осы дүниенің адамдарын тексеруге арналған, бүкіл жер бетінде болатын азапты сынақ кезінде қорғаймын. | |
Reve | Kaz | 3:11 | Мен жуырда келемін. «Жеңісіңнің тәжін» сенен ешкім тартып алмау үшін, өзіңде бар рухани игіліктерді берік ұста! | |
Reve | Kaz | 3:12 | Жеңіп шыққан әркімді Мен Құдайымның киелі үйінің «бағанасы» қылып қадірлеймін; ол содан ешқашан шықпайтын болады. Сол жеңімпазға Құдайымның атын әрі Оның қаласының атын, яғни көктен, Оның қасынан түсетін жаңа Иерусалимнің атын және Өзімнің жаңа атымды да жазамын. | |
Reve | Kaz | 3:14 | Лаудікидегі қауымның періштесіне былай деп жаз:Бұл — «Аумин» деп те аталатын Мәсіхтен хабар. Ол — шындықты жариялап, шейіт болған адал да шынайы Куәгер әрі Құдайдың жаратылысының Билеушісі. | |
Reve | Kaz | 3:15 | Мен сенің істеріңді білемін: сен салқын да емессің, ыссы да емессің. Не ыссы, не салқын болсаң ғой, шіркін! | |
Reve | Kaz | 3:16 | Алайда ыссы да емес, салқын да емес, жылымшы болғаның үшін сені аузымнан түкіріп тастамақпын! | |
Reve | Kaz | 3:17 | «Мен баймын, ауқаттымын, еш нәрсеге мұқтаж емеспін», — дейсің. Ал өзіңнің шынында сорлы бейшара, рухани жарлы, жалаңаш әрі соқыр екеніңді білмейсің! | |
Reve | Kaz | 3:18 | Саған рухани баюың үшін отта балқытылып тазартылған «саф алтынды» Менен сатып алуға кеңес беремін. Масқара жалаңаштығың көрінбес үшін Менен «аппақ киім» де алып, киін. Сондай-ақ, көре алуың үшін «көзге жағатын шипалы май» да сатып ал! | |
Reve | Kaz | 3:19 | Мен сүйетіндерімді әшкерелеп, тәртіпке шақырамын. Енді ынталы болып, өкініп, теріс жолдан қайт! | |
Reve | Kaz | 3:20 | Міне, Мен есік алдына келіп, қағып тұрмын. Кімде-кім даусымды естіп, есік ашса, Мен оның жан дүниесіне еніп, онымен бірге «дастарқандас» боламын; ол да рухани нәр алып, Менімен тығыз байланыста болады. | |
Reve | Kaz | 3:21 | Өзімнің жеңімпаз болып, Әкеммен бірге Оның тағында отырғанымдай, Мен жеңіп шыққан әркімді де қасыма, тағымның үстіне отырғызамын. | |