Site uses cookies to provide basic functionality.

OK
TITUS
1 2 3
Prev Up Next Toggle notes
Chapter 2
Titu Kaz 2:1  Ал сен дұрыс ілімге сай келетінді үйретуің керек.
Titu Kaz 2:2  Егде тартқан ер адамдар қырағы, байыпты әрі байсалды, олардың сенімі, сүйіспеншілігі және шыдамдылығы шынайы да берік болуға тиіс.
Titu Kaz 2:3  Сол сияқты, егде әйелдердің жүріс-тұрыстары Құдайға бағышталған әйелдерге лайықты болуы қажет: олар ешкімге жала жаппай, арақ-шарапқа салынбай, қайта, басқаларды жақсылыққа үйрететін болсын.
Titu Kaz 2:4  Егде әйелдер қыз-келіншектерді күйеулері мен балаларын сүйіп,
Titu Kaz 2:5  байсалды, кіршіксіз таза, үй шаруасына ұқыпты әрі мейірімді болып, күйеулеріне мойынсұнуға жігерлендіріп үйретсін. Осылайша олар Құдай сөзінің жамандалуына жол бермесін.
Titu Kaz 2:6  Осы секілді, жігіттерді де байсалды болуға шақыр.
Titu Kaz 2:7  Өзің барлық істе де ізгіліктің үлгісі, тәлім беруде адал және байыпты бол.
Titu Kaz 2:8  Айтқан сөзің айыпталмайтындай дұрыс бола берсін, сонда қарсыластарымыздың бізді жамандайтын еш нәрселері болмай, ұятқа қалады.
Titu Kaz 2:9  Басыбайлы қызметшілер қожайындарына барлық істе де мойынсұнып, көңілдерінен шығуға ұмтылсын. Оларға қарсы сөйлемей,
Titu Kaz 2:10  ұрлық жасамай, әрдайым шын көңілмен адал болулары керек; осылайша Құтқарушымыз Құдайдың ілімін көркейтсін.
Titu Kaz 2:11  Өйткені Құдайдың бүкіл адамзатқа құтқарылуды ұсынатын рақымы анық білінді.
Titu Kaz 2:12  Ол бізді Оған ұнамсыз қылықтар мен күнәкар дүниелік құмарлықтардан бас тартып, қазіргі заманда байыпты, әділ және Құдайға ұнамды өмір сүруге бағыттайды.
Titu Kaz 2:13  Себебі біз керемет үмітіміздің іске асуын күтудеміз: ұлы Құдайымыз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіх зор салтанатпен көрінетін болады.
Titu Kaz 2:14  Ол бізді бүкіл жамандық атаулыдан азат етіп, тазартып, Өзінің меншікті, игі істерге ынталы халқы ету үшін жанын қиып, құрбан болды.
Titu Kaz 2:15  Бұларды қауымдарға барлық беделіңмен айтып беріп, насихаттап, елемейтіндерді әшкереле. Ешқайсысы сені менсінбей жүрмесін.