AMOS
Chapter 9
Amos | Kaz | 9:1 | Мен құрбандық үстелінің жанында тұрған Жасаған Иенің берген аянын көрдім. Ол маған тіл қатып былай деді: «Бағаналардың бастарын ұр, босағалары күйресін! Оларды халықтың үстіне құлат! Аман қалғандарын Өзім семсермен қырамын. Ешқайсысы қашып та кетпейді, ешқайсысы құтыла да алмайды. | |
Amos | Kaz | 9:2 | Олар тіпті жер астына түсіп, көміліп қалса да, Мен оларды қолыма түсірер едім. Аспанға шығып кетсе де, оларды төменге түсіремін. | |
Amos | Kaz | 9:3 | Олар Қармил тауының төбесіне тығылып қалса да, сол жерден де тауып, ұстап алар едім! Менен теңіздің түбіне барып жасырынса, Мен улы жыланға оларды шағуға бұйырар едім. | |
Amos | Kaz | 9:4 | Жаулары оларды тұтқындап, басқа елге айдап әкетсе, сол жерде де семсерге оларды жалмауға әмір етер едім. Мен оларға назарымды тігіп, игілік емес, қасірет жіберемін». | |
Amos | Kaz | 9:5 | Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие қолын жерге тигізсе, ол балқи бастайды да, онда тұратындар қайғырады. Бүкіл жер Мысырдағы Ніл өзені сияқты көтеріліп әрі тасып, сосын қайтадан төмендейтін болады. | |
Amos | Kaz | 9:6 | Ол Өзінің зәулім сарайын көкте салып, соның негізін жердің бетінде қалайды. Ол теңіздің суын жоғары көтеріп, оны жердің бетіне төгеді. Оның есімі — Жаратқан Ие. | |
Amos | Kaz | 9:7 | «Ей, исраилдіктер, сендерді қалай көрсем, құштықтарды да солай көремін! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — Әрине, ежелде Мен сендерді Мысырдан азат етіп алып шықтым. Бірақ Мен філістір халқын да Крит аралынан, әрі арамалықтарды (Бабыл еліндегі) Кир аймағынан алып шыққанмын. — | |
Amos | Kaz | 9:8 | Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: — Біліп қойыңдар, Менің назарым күнәға батқан Солтүстік Исраил патшалығына бағытталған. Оны жердің бетінен құртамын. Алайда Мен Жақыптың үрім-бұтағын толығымен жойып жібермеймін, — деп нық айтады Жаратқан Ие. — | |
Amos | Kaz | 9:9 | Мен әмір бергенде, Солтүстік Исраилдің халқы бидай іспетті шайқатылып електен өткізіледі. Олар барлық халықтардың арасына шашырап тарап кетеді, әрі електің ішіндегі бірде-бір ұсақ тас (бидаймен бірге) өтіп, жерге түспейді. | |
Amos | Kaz | 9:10 | Сонда Менің халқымның арасындағы «Біздің басымызға қасірет түспейді!» деп көкитін күнәкарлардың барлығы семсерден құриды». | |
Amos | Kaz | 9:11 | «Сол күні Мен Дәуіттің құлап қалған үйін қайтадан тұрғызамын; оның жарылған жерлерін жөндеп, қираған қабырғаларын қаластырып, оны бұрынғы замандағыдай қалпына келтіремін. | |
Amos | Kaz | 9:12 | Сонда олар Едом халқының тірі қалғандарына және Өзім меншігім болуға тағайындаған барлық басқа ұлттарға ие болады. — Осыны айтқан Мен, Жаратқан Ие, оны іске асырамын. | |
Amos | Kaz | 9:13 | Сол кезде (өнімдеріңнің мол болатыны сонша,) астықты келесі жер жыртқан уақытқа дейін жинап, қамбаға құйып бітіре алмайтын боласыңдар. Әр жыл сайын жүзімдерің тез пісіп, артылып та қалатын болады. Жүзім шырыны таулардың беткейлерінен ағып, қыраттардан тамшылап түспек. | |
Amos | Kaz | 9:14 | Мен халқым Исраилді тұтқыннан қайтарып, игілікке кенелтемін. Олар қаңырап қалған қалаларды қайта тұрғызып, сонда қоныстанатын болады, жүзімдіктер мен бау-бақшалар отырғызып, солардың шырынын ішіп, жемісін жейтін болады. | |