AMOS
Chapter 1
Amos | Kaz | 1:1 | Мұнда Яһуданың Текоя қалашығындағы шопандармен жүрген Амос пайғамбардың айтқан сөздері берілген. Ол соларды Яһуда еліне Ұзиях, ал Солтүстік Исраилге Жоғас ұлы Еробоғам патшалық құрған заманда аян көргенде Құдайдан қабылдаған еді. Бұл жер сілкіністен екі жыл бұрын болды. | |
Amos | Kaz | 1:2 | Амос пайғамбар былай деді:«Жаратқан Ие Сион тауынан ақырады,Ол Иерусалимнен дауысын шығарады.Сонда малшылардың жайылымдары солады,Қармил тауының төбесі де кеуіп қалады!» | |
Amos | Kaz | 1:3 | Жаратқан Ие мынаны айтады: «Дамаскінің халқы көптеген зұлым істер істеп келді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Олар (Исраилдің) Ғилақад аймағын темір астық бастырғышпен таптағандай аяусыз талқандады. | |
Amos | Kaz | 1:4 | Сол үшін Мен (Дамаск патшасы) Хазаилдің сарайына от жіберемін. Сол от (оның ұлы) Бен-Хададтың қорғандарын да жалмап қояды. | |
Amos | Kaz | 1:5 | Мен Дамаскінің қақпа ысырмаларын сындырып, Ауен аңғарының тағында отырғанды елінен аластатып қуып, Бет-Еденге билік жүргізушіні құртамын. Сонда Арама халқы тұтқындалып, (Бабыл еліндегі) Кир аймағына айдалып кететін болады». — Жаратқан Ие осыны нық айтады. | |
Amos | Kaz | 1:6 | Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Газа қаласының халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Газалықтар (Яһудадағы) елді мекендердің бүкіл халқын тұтқынға алып, Едомға сатып жіберді. | |
Amos | Kaz | 1:7 | Сол үшін Мен Газа қаласының қабырғаларына от жіберемін. Сол от оның сарайларын жалмап қояды. | |
Amos | Kaz | 1:8 | Мен Азоттың тағында отыратынды және Ашқалонның билеушісін жайратамын, Әкронға да қарсы құдіретті қолымды созамын. Сонда філістірлердің тірі қалғандары да құриды», — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. | |
Amos | Kaz | 1:9 | Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Тир қаласының халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Тирліктер (Исраилдегі) елді мекендердің бүкіл халқын тұтқындап, Едом еліне сатып жіберді. Сонда олар Исраилмен жасаған өзара бауырластық келісімдерін тіпті естеріне де алмады. | |
Amos | Kaz | 1:10 | Сол үшін Мен Тирдің қамал қабырғаларына от жіберемін. Сол от оның бекіністі сарайларын жалмап қояды». | |
Amos | Kaz | 1:11 | Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Едом халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Едомдықтар өздерімен бауырлас халықты қолдарына семсер алып қуып, өздеріндегі аяушылық сезімін басып таптап, ешқандай мейірімділік танытпады. Олар бауырластарына деген ашуынан қайтпай, соларды ызалана паршалап өлтірді. | |
Amos | Kaz | 1:12 | Сол үшін Мен Теман аймағына от жіберемін. Сол от Босора қаласының сарайларын жалмап қояды». | |
Amos | Kaz | 1:13 | Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Аммон халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Аммондықтар өз жерлерін кеңейту үшін Ғилақад аймағына бас салып, сондағы жүкті әйелдерді қарындарын жарып өлтірді. | |
Amos | Kaz | 1:14 | Сол үшін мен Рабба қаласының қабырғаларына от жіберемін. Сол от оның сарайларын жалмап қояды. Дауылды күннің құйынындай бір әскердің шабуылдап атой салғаны естілетін болады. | |