AMOS
Chapter 7
Amos | Kaz | 7:1 | Жаратушы Тәңір Ие маған мына көріністі көрсетті: Ол шегіртке үйірлерін жасап шығарды. Бұл патшаның өнімі жиналып болып, одан кейінгі өнім көктеп шыға бастаған кезде болды. | |
Amos | Kaz | 7:2 | Шегірткелер бүкіл елдегі көкті жеп қойғанда мен:— Уа, Жаратушы Тәңір Ие, бізді кешіре гөр! Жақыптың үрім-бұтағы бұған қалайша шыдасын? Біз сондай кішкентай ғана елміз ғой! — деп жалбарындым. | |
Amos | Kaz | 7:4 | Содан соң Жаратушы Тәңір Ие маған мына көріністі көрсетті: Тәңір Ие елді жазалау үшін от лаулатты. Сол от үлкен де терең теңізді және елдегі егістіктерді жалмап қойды. | |
Amos | Kaz | 7:5 | Сонда мен:— Уа, Жаратушы Тәңір Ие, тоқтата көрші! Жақыптың үрім-бұтағы бұған қалайша шыдасын? Біз сондай кішкентай ғана елміз ғой! — деп жалбарындым. | |
Amos | Kaz | 7:6 | Сонда Жаратқан Ие райынан қайтты.— Жарайды, бұлай да істемеймін! — деп шешті Жаратушы Тәңір Ие. | |
Amos | Kaz | 7:7 | Ол маған тағы мына көріністі көрсетті: Жасаған Ие бір тік қабырғаның жанында тұр екен. Қолында тік бағытты көрсететін, ұшына бір кесек қорғасын байланған тіктеуіш жіп бар еді. | |
Amos | Kaz | 7:8 | Жаратқан Ие менен:— Не көріп тұрсың, Амос? — деп сұрады. Мен:— Тіктеуіш жіпті, — дедім. Сонда Жасаған Ие маған тіл қатып былай деді:— Мен тіктеуіш жіпті өз халқым Исраилдің ортасына орнатамын. Бұдан былай Мен олардың күнәларына шыдамдылық көрсетпеймін! | |
Amos | Kaz | 7:9 | Ысқақтың үрім-бұтағының биіктеу жерлердегі табыну орындары қаңырап бос қалады, Исраил елінің киелі табыну орындары ойрандалады! Сонда Мен семсермен Еробоғам патшаның әулетіне қарсы шығамын! | |
Amos | Kaz | 7:10 | Ал Бетелдегі табыну орнының діни қызметкері Амасиях Солтүстік Исраилдің патшасы Еробоғамға мынадай хабар жіберді:— Амос Солтүстік Исраил халқының дәл ортасында сізге қарсы үгіт жүргізіп жатыр! Біздің еліміз оның айтқан барлық сөздеріне төзе алмайды. | |
Amos | Kaz | 7:11 | Өйткені Амос: «Еробоғам семсерден қаза тауып, Исраил халқы еш шүбәсіз өз елінен жер аударылады!» деп жүр. | |
Amos | Kaz | 7:12 | Мұнан кейін Амасиях Амосқа былай деді:— Ей, көріпкел, бар! Яһуда еліне қашып кет! Наныңды сонда тауып же, пайғамбарлық сөзіңді сол жерде айт! | |
Amos | Kaz | 7:13 | Ендігәрі Бетелде пайғамбарлық сөз айтушы болма! Бетел — патшаның сиынатын киелі жері әрі бүкіл патшалықтың құлшылық ететін үйі! — | |
Amos | Kaz | 7:14 | Бірақ Амос Амасияхқа былай деп жауап берді:— Мен жай пайғамбар емеспін, пайғамбардың шәкірті де болған емеспін. Мен мал бағып, тұт ағаштарын өсіріп, жемістерін жинаумен айналысатынмын. | |
Amos | Kaz | 7:15 | Ал Жаратқан Ие мені отардың соңынан шақырып алып, «Барып, халқым Исраилге Менің хабарымды жеткіз!» деп тапсырма берді. | |
Amos | Kaz | 7:16 | Ал енді, Жаратқан Иенің сөзін тыңда! Сен Маған: «Солтүстік Исраилге қарсы пайғамбарлық сөз айтпа! Ысқақтың үрім-бұтағына қарсы сөйлеме!» дейсің. | |